Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы тағайындалды
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығын жариялады. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық сыйлықтың мақсаты - тележурналист Бейсен Құранбектің есімін сақтап қалу және жас журналистердің кәсіби жағынан дамуына көмектесу.Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі:
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.
Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саласының кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатыса алады.
Байқау үздіктерін қазылар алқасының мүшелері таңдайды. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына үлес қосқан медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.
"Жігер" сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының ресми сайтынан оқуға болады.
Сондай-ақ, салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында болады.
Естеріңізге сала кетейік, 18 мамырда танымал журналист Бейсен Құранбек 49 жасында көз жұмды. Осыған орай ҚР президенті мен Елбасы Бейсен Құранбектің жақындарына көңіл айтып, жеделхаттарын жолдады.