» » » Мектептерде жаңа пән енгізіледі

Мектептерде жаңа пән енгізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде балалардың экологиялық білімі пәнін енгізуді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мектептерде балалардың экологиялық білімі пәнін енгізу керек», – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Президенттің сөздерін Ақорда баспасөз қызметі келтірді.
Елді мекендердің айналасындағы табиғи қоқыс үйінділерінің мәселесі шешілген жоқ, – деді Президент.
«Бір жолғы рейдтер жүргізу, айыппұл салудың әсері аздық етеді. Экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет. Үкімет Waste to energy (қалдықтарды энергетикалық тұрғыдан кәдеге жарату) технологиясын енгізу үшін заңнамалық базаны және қолайлы инвестициялық жағдайларды жедел қамтамасыз етуі қажет «,- деп тапсырды Тоқаев.
Президент өзектілігі артып бара жатқан экология мәселесімен айналысуды тапсырды.
«Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығады. Олардың ел бойынша қайта өңдеу үлесі тек 15 пайыз. Бұл жеткіліксіз», – деді Тоқаев.
10 шілде 2020 ж. 615 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 643

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31