» » » «Елбасыға мың алғыс!»

«Елбасыға мың алғыс!»


«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының орталық алаңында «Елбасыға мың алғыс!» атты акция өтті.
Акцияға «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, студенттер, белсенді жастар қатысты. Акция мақсаты жуырда Елбасы жариялаған «Президенттің әлеуметтік бес бастамасына» қолдау көрсету.  Ұлыстың ұлы күнінде өткен акцияға жастар қазақтың ұлттық киімімен келіп әрі барлық қатысушы «Қара жорға» биін бірге биледі.
Акция ұйымдастырушысы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Т.Тілестің айтуынша Елбасы жариялаған бес әлеуметтік бастама Сыр жастарының ерекше көңілінен шыққан. «Елбасы өзінің халыққа жолдауларында ешқашан жастарды назардан тыс қалдырған емес. 5 наурызда жарияланған бес бастама жастарға үлкен мүмкіндік дер едім. Қамқорлық сезілетін бес бастама, жастар үшін арналған десекте болады» деді Т.Тілес.
Жастар Елбасының жасаған бес әлеуметтік бастамасына қолдауын және ризашылығын осы акция арқылы білдірді.

19 наурыз 2018 ж. 1 153 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 256

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031