Қазақстанда жастарға арналған телеарна іске қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жастарға арналған Jastar1 телеарнасы жұмысын бастайды. Бұл туралы «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Наурыз айында елімізде жаңа телеарнаның тұсауы кесілмек - Jastar1. Онда қазіргі жастарға ең қажетті, ең пайдалы бағдарламалар көрсетілмек. Телеарнаның негізін қалаушы - тәжірибелі медиаменеджер Ілияс Башарұлы Ысқақов. Кезінде «Қазақстан» ұлттық арнасының ең сапалы жобаларын іске қосқан ағамыз. Енді бар күшін аталған арнаға салмақ. «Байтақ-Болашақ» альянсы да телеарнаның ашылуына өз үлесін қосты. Тәуелсіздік кезіндегі жеке азаматтардың үлесімен ашылып отырған бірінші қазақ телеарнасы! Сонымен, жаңа жылда жаңа арнаны көріңіздер!», - деп жазды ол.Ал Ілияс Ысқақов Фейсбуктегі парақшасында жаңа телеарна директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Ғалия Шаудырбаева, стратегиялық даму және коммерция жөніндегі орынбасары Гаухар Иманқұлова, креативтік продюсері Алпамыс Шәрім тағы да белгілі, білікті мамандар жаңа арнаның контентін жасаумен күндіз-түні еңбек етіп жатқанын атап өткен.
«Осы кезге дейін жастарға арналған телеарнаның болмағаны бізге ой салды және осы бағытта жұмыс жасауымызға себеп болды. Басқа арналар туралы баға беріп жатуды көрермендердің еншісіне қалдырып, біздің арнаның шын мәнінде жастар үшін, жастармен бірге болуды көздейтін, жастардың талап-тілегін, мұң-мұқтажын жеткізе алатын арна болуы үшін барлық мімкіндіктерімізді іске қосып жатырмыз. Әртүрлі бағыттағы бағдарламалар, ток-шоу, кинокөрсетілімдер, телехикаялар және ойын-сауықтық бағдарламалар эфир кестесінен орын алатын болады. «J1» телеарнасы жастармен бірге!», - деп жазды Ілияс Ысқақов.
inform.kz