Ислам дініндегі қасиетті үш ай
Асыл дінімізде мүбәрак саналған үш айға келіп жеттік. Олар «Режеп», «Шағбан», «Рамазан» айлары. Алла Тағала жыл он екі ай ішінде қасиетке толы айлар ,күндер мен түндерді айқындап көрсетіп берді. Сондықтан бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті болғандай, осы айлардың сауабынан құр қалмай шамамамыз келгенше құлшылық-ғибадатымызды көп орындауымыз қажет. Адам баласы пенде, яғни қателесуші. Сондықтан үлкен-кіші күнә –қателіктерімізді кетіру үшін Аллаға көп тәубе, ораза, намаз, зекет, садақа, қайырымдылық амалдарын жасауамыз керек.
Ережеп айының сауабы
Ережеп сөзі «бір нәрседен қорқу, ұялу, біреуді ұлылығына орай қастерлеу, тағзым көрсету» деген мағыналарды білдіреді. Ережеп айы харам айы болғандын бұл айда Алла Тағаланың тыйым салған харам нәрселерден барынша алыс болуымыз қажет.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ережеп айы келген уақытта:
«Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді рамазанға аман-есен қауыштыра гөр!»,[1] - деп дұға тілейтін.
Келесі хадистерде Ережеп айы турасында Алла Елшісі (ﷺ): «Ережеп – Алланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала үшін сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда пайғамбарлардың тәубелері қабыл болып, әулиелер дұшпандарынан қорғалған. Бір кісі ережеп айын оразамен өткізсе, Жаратушының мынадай үш жақсылығына ие болады:
1.Өткен күнәларын кешіреді;
2.Қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды;
3.Қиямет күні Алла Тағала оның шөлін қандырады», - десе, тағы бір хадисте: «Кімде-кім ережеп айында біреудің мұқтаждығын өтесе, қиямет күні Алла Тағала оған «Фирдаус» жәннатынан көз жетер жеріне дейінгі арақашықтықта сарай тұрғызады. Қаперде ұстаңыздар, бұл айда Алла Тағаланың сый-құрметіне лайық болуды қаласаңыз, өзгеге сый-құрмет жасаңыздар», - деген мағынада айдың қадірін білдіретін хабарлар жеткен.
Шағбан айының маңыздылығы
Шағбан айы Ережеп айынан кейін келетін шарапаты мол Пайғамбарымыздың айы.Өйткені Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде:«Ережеп Алланың айы, Шағбан менің айым ,Рамазан үмбетімнің айы»,- деген. Сондықтан Рамазан айынан кейін ең көп күн ораза ұстаған айы Шағбан айы. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) не үшін Шағбан айында көп ораза тұтқандығы сұралғанда: «Шағбан –амалдар Алла Тағалаға ұсынылатын ай. Мен де амалдарымның оараза тұтқан кезімде ұсынылғаның қалаймын. Шағбан- адамдардың басым көпшілігінің рамазан мен ережеп айларының ортасында мән бермей кететін ай. Мен ол айды босқа өтізгім келмейді»,- деп жауап берген.
Шағбан айының 15-түні Бәрағат кеші. Бұл түні жер бетіне періштелер түседі, дұғалар қабыл болатын мүбәрак кеші.
Хадисте: «Алла Тағала шағбан айының он бесінші түні(Бәрағат түні)жер бетіне мейірім жаудырып,Өзіне серік қосқандармен мен ата-анасына қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді»,-деген.
Қасиетті Рамазан айының ұлылығы
Айлардың сұлтаны болған Рамазан айының сауабы шексіз.Рамазан айы жылына бір келетін тендесі жоқ сауабы мол ай. Сондықтан бұл айдың саубын жіберіп аламай оразамен құлшылықпен өткізу маңызды.Рамазан айы Алла Тағаланың ораза ұстаған адамның күнәларын кешіретін айы. Рамазан айы- құран түскен ай. Рамазан айын құран хатым жасап, құранды басқа айларға қарағанда көп оқуымыз керек.Құран мен хадистерде Рамазан айының қасиеттілігі мен сауабы жайында былай сүйіншілейді.
Құранда былай делінеді: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» («Бақара» сүресі,185-аят). Рамазан сонымен қатар, жәннат есіктері ашылатын, тозақтың қақпалары жабылатын ұлық ай. Алла Елшісі (ﷺ) айтады: «Рамазан айы келгенде, жәннаттың қақпалары айқара ашылып, тозақтың қақпалары жабылады, шайтандар кісенделеді»[2]. Ал қасиетті аятта: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді.Әрине сақтанарсыңдар»(«Бақара» сүресі, 183-аят) дейді.
Осы қасиетті айларды, күндерді, түндерді қалай өткізгеніміз абзал?
1.Намазды мешітте жамағатпен оқу.
2.Құранды көп оқу.
3.Жасаған қате-күнәларымыз шын ықылыспен тәубе ету, Алла Тағаладан кешірім тілеу.
4.Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп салауат, дұға айту.
5.Жағдайы төмен, мұқтаж адамдарға қарайласу, қайырымдылық жасау,хал жағдайларын білу.
6.Жалпы мұсылмандарға, туған –туыстырымызға,ата-анамызға ,көршілерімізге, достарымызға Алладан жақсылықтарды тілеу.
7.Дүниеден өткен марқұмдардың аруағына құран бағыштау ,Аллаһ Тағаладан кешірім сұрау.
8.Ренжіскен бауырларымнан кешірім сұрап, татуласып, жалпы кешірімді болу.
9.Үлкендеріміз жастарды дәстурлі исламды, қазақ халқының салт-дәстүрін үйретіп, дұрыс тәрбие беру.
Сәтбаев қалалық
«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің Бас имамы
Қондыбай қажы Акпаров
Ihsan.kz