Астанада жас ақындар айтысады
Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының тапсырмасы бойынша "Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму фондының" ұйымдастыруымен және "Jastar1" атты жастар телеарнасының ақпараттық қолдауымен елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған "Астана – мәңгілік елдің темірқазығы" атты жас ақындар арасында айтыс өтеді. Айтысқа еліміздің барлық облысынан ақындар қатысуға өтініш білдірді. Арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, іріктеу кезеңдерінен өткен 14 ақын 2018 жылдың 24 сәуір күні сахнада сөз сайыстырып, бақ сынасатын болады, деп хабарлайды Today.kz.
Жыр додаға еліміздің барлық аймағынан келген талантты жас ақындар қатысады:
1. Сұлужан Таубалды, Астана қаласы.
2. Бек Шымат, Астана қаласы.
3. Рай Дөңбай, Тараз қаласы.
4. Сырым Әділбек, Қызылорда қаласы.
5. Нартай Тілеуқұл, Ақтөбе қаласы.
6. Жексенбай Аманбек, Шымкент қаласы.
7. Аруна Керімбек, Тараз қаласы.
8. Аян Ниязбек, Шымкент қаласы.
9. Мұхамеджан Мансұров, Қызылорда қаласы.
10. Дәурен Ысқақ, Шымкент қаласы.
11. Абдрауф Орал, Астана қаласы.
12. Мұхит Бабақұл, Отырар қаласы.
13. Данияр Алдабергенов, Ақтөбе қаласы.
14. Төрехан Совет, Қызылорда қаласы.
Ақындардың сөз сайысына баға беретін қазылар құрамында филология ғылымдарының докторы, профессор, айтыскер Аманжол Әлтай, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер Балғынбек Имашов, "Дарын" сыйлығының лауреаты, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Есин Данияр, айтыскер Жандарбек Бұлғақов бар. Кіру тегін.
Пікір 2