МҰСЫЛМАННЫҢ РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙЫ
Ораза ұстау – парыз етілген құлшылық амалдары ішіндегі ең ізгі және ерекшесі. Оразаның өзге құлшылықтардан ерекшелігі әрі үстемдігінің себебі, оның сауабын Алладан өзге ешкім білмейді. Әрине, айлардың сұлтаны Рамазан айына, ештеңені теңгеру мүмкін емес, десек те, мен Рамазанды жылына бір рет келетін көктем мезгілімен салыстыратын едім. Себебі, көктемде көкте бұлттар көбейсе, мөлдір тамшы төгеді, тамшылардан тамаша гүлдер өніп, ағаш,тал-шынар көгеріп шығады... Рамазаннан кейін пенденің бойындағы біршама өзгерістер, дәл көктемдегі өзгерістерге ұқсайды.
Рамазан кезіндегі күні бойы аш жүру, босаңсып кеткен нәпсімізге соққы болып, жай күндердегі ас-судың қадірін сезіне бастаймыз. Қарапайым су... оның әрбір тамшысының нығметін ауыз ашар уақытында зор сүйіспеншілікпен сезінетініміз, былай қарап отырсақ, күнде үстел үстінде тұратын ас атасы нанның дәміне жете мән бермейміз, құр өзін жеуді қаламай, май немесе қаймаққа шылап жегенді жөн көреміз. Алайда, ауыз ашар уақытында сол наннан бір тістем жеп көрейікші... қандай дәмді екенін сезінеміз, қадіріне аса мән бере бермейтін нанның құнын ұғынамыз.Рамазаннан кейін осы қарапайым нығметтердің қадіріне жете білеміз. Осы сияқты басқа да сындарға жолыққан нәпсіміз, Рамазаннан кейін тәрбиеге келіп, жаңа қасиеттеріменкелесі Рамазанға дейін өміріміздіңерекше өзгеруіне жол ашады.
Барлық игі істің сауабы оннан жеті жүзге дейін еселенеді алайда оразаның ғана қайтарым сыйы ұлы әрі есепсіз болмақ. Раббысы үшін ораза тұтқан адам аштық, шөл және жаны мен тәніндегі әлсіреу секілді қиындықтарға Алла тарапынан берілген жеңілдік арқылы сабыр етеді. Нәтижесінде ораза ұстаушы сабыр етушіге айналады. Ал, сабыр – діннің жартысы болса, ораза – сабырдың жартысы. Алла Тағала «Зумәр» сүресінің 10-аятында: «Ақиқиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары есепсіз» екенін еске салған.
ҚАСИЕТТІ АЙДА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН РУХАНИ ЖЕТІСТІКТІ САҚТАП ҚАЛУ
Биылғы Рамазаннан не үйрендік? Соны ой елегінен өткізіп алудың маңызы зор. Себебі, бұл айда үйренген тәлімімізді өзге айларда да жетілдіре жалғастыруымыз қажет. Мысалы, Рамазан айында көп адамдар темекі шегуден тыйылды. Сол Рамазан айындағы сабырмен тағы аздаған уақыт шыдап беретін болса есесіне, рак ауруының келіп шығыуына тосқауыл қоя алады. Бір қорап темекінің бағасы орташа есеппен алғанда, 500 теңге көлемінде, егер, ол кісі темекі сатып алмайтын болса, жылына шамамен 200 мыңдай теңгені үнемдейді. Бұл қаражатқа сауынды сыйыр алып, табиғи сүттен дәм татқанға не жетсін? немесе, технология кең құлаш жайған заманымызда брендке айналған «айфон 7» ұялы телефонына қол жеткізугі болады. Әрине ұялы телефонның зияны жоқ деп айтпаймыз, дегенмен, жөнімен қоланар болсақ, темекіге қарағанда зияны әлде қайда төмен.
Рамазан айында көзімізді, құлағымызды, тілімізді, бүкіл дене мүшелерімізді күнәдан тыюға тырысамыз, «оразаны бұзатын істер жасап қоймайын, Алла көріп тұр ғой» деп, өзімізді жөнге салып отырамыз. Ал,енді бізді рамазан айында көріп тұрған Алла, өзге айларда да дәл солай көріп тұрғанын қаперімізде ұстайық. Күнәдан өзімізді таза ұстасақ, қол-аяғымызды күнәлі істерге жүргізбесек, бұл біздің Рамазан айынан құралақан шықпағанымызды көрсетеді. Күзде ағаштардан жапырақтар төгілгені сияқты, Рамазан айынан пенденің күнәлары төгіліп шығуы өзінің іс-әрекеттеріне байланысты болмақ. Рамазан айында болған өміріміздегі жағымды өзгерістер тұрақтылық тауып, баянды болуына,Рамазанда үйренген тәлімдеріміздің әсері екенін жадымызда сақтасақ, Алла қаласа, Рамазан рұхынан айырылмай, өмірімізді өзгерту мүмкіндігі бар.
asylarna.kz