Он үш жасар қазақ қызын көру үшін әлемнің 31 елінен туристер ағылды
![Он үш жасар қазақ қызын көру үшін әлемнің 31 елінен туристер ағылды](https://i.onthe.io/pogudx7e8upgp9ds6.f82fcc2f.jpg)
Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Бүгінде қолына қыранын қондырып, тұлпарын тақымдаған қазақ қызының бейнесі шартарапты шарлап кетті. Айшолпанның арқасында әлем жұртшылығы дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған өршіл-ойшыл қазақ деген халық бар екенін білді.
Биыл Айшолпанды өз көзімен көру үшін Баян-Өлгейге 31 мемлекеттен турист барған екен. Сондай-ақ, «Бүркітші қыз» туралы фильм әлемнің беделді кинотеатрларында көрсетілді.
Айшолпанға, әсіресе, америкалықтар ерекше ынтық. Олар бүгінде бүркітші қыз туралы кітап жазып жатыр. Туындының тұсауы осы жылдың соңында Лос-Анджелесте кесілмек.

nur.kz