» » » Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала)

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала)

ÒазаÒÑа ÓңгÑме: ЫбÑÑай ÐлÑÑнÑаÑин (ШеÑе мен бала) казакÑа ÒазаÒÑа ÓңгÑме: ЫбÑÑай ÐлÑÑнÑаÑин (ШеÑе мен бала) на казаÑÑком ÑзÑке


Шешесі қыз баласынан сұрады:
—Берген ақшамды қайда қойдың?

Бала:
—Біреуге бердім.

Шешесі:
— Кімге?

Бала:
—Бір тентек балаға бердім.
Шешесі:
—Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың?

Бала:
—Рас, әже, екінші рет тентек болма дедім. Құс та Құдайдың жәндігі ғой, әже?

Шешесі:
— Біз де, құс та, бөтен жан-жануардың бәрі де Құдайдың жаратқан жәндігіміз.

Бала:
— Әлгі бала Құдай-тағаланың жаратқан кішкентай құсын ұстап алып, сатайын деп жүр екен. Құс кісі аярлық болып, шиқылдап тұрды. Сонда алып жүрген бала тұмсығын қыса береді, бейшара құстың дауысын Құдай-тағала есітеді деп қорыққан шығар деймін.

Шешесі:
— Онда сен неғылдың?

Бала:
—Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім сауап емес пе?

Шешесі:
— Әрине, сауап, бейшараларға қайырымды болғаның.

Бала:
— Ол бала, кім біледі, кем-тарлықтан құсты сатуға жүрген-ау?

Шешесі:
— Мен де солай ойлаймын. Сонда сөйлеп отырған бала сіңлісіне қарап:
— Мана ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен,— деді.

Сіңлісі шешесіне қарап:
— Апаммен екеуміз мана бәстесіп едік, ол балаға апам құсыңның бәсі не деп те сұрамай, ақшасының бәрін берді. Мен айттым: Құстың бәсі не? — деп сұрау керек еді деп, қайсымыздікі дұрыс?

Шешесі үлкен қызына қарап айтты:
— Сенің де бұл істеген ісінді дұрыс демеймін. Егер тағы бір манағындай бала жолықса, ақшаңның бәрін бастапқы балаға беріп қойдың, соңғыға не берер едің?

Үлкен қызы: — Онда мен тағы да саған келер едім.

Шешесі:
—Егер менде де мал, ақша болмаса қайтер едің?

Бала:
— Онда... деп, не дерін біле алмады.

Шешесі:
—Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әр нәрсеге күтімді болу керек. Құстың бәсін сұрап, кемге бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру керек еді. Ол құстың өзі не құс екен?

Баласы:
— Мен сұрағаным да жоқ, әже, өзің айтушы емес пе ең, жақсылық еткен жаныңның атын да сұрама деп.

Шешесі күліп: —
Солай, солай, шырағым, — деді.

Баласы:
— Әже, сен көрсең еді, құсты қоя бергенімде, әуелі қуанғаннан тіпті ұша алмады. Сонан соң құсты сатқан баладан уәде алдым, екінші рет ұстама деп.

Шешесі:
— Қызым, жақсы іс істепсің, мінекей саған тағы да теңге.

Қызы:
— Алла разы болсын, әже.

Шешесі:
— Шырағым, қызым, әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін Құдай рақым етер, — деді.


ZHARAR.com

27 шілде 2018 ж. 1 019 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930