» » » Ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

Ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

Облыстық ардагерлер кеңесінің қаулысымен Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Дүйсенбаев Серік Әбішұлы сайланды.
С.Дүйсенбаев 1951 жылы дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша және Қызылорда гуманитарлық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Казсельхозтехника» Шиелі аудандық бірлестігінің слесары ретінде бастап, 1977-1996 жылдары «Нан өнімдері» бірлестігінің инженер-механигі, директор орынбасары, директор лауазымдарында  жұмыс істеген. 1996-2002 жылдар аралығында «Ел ырысы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, 2002-2005 жылдары «Қызылорда ауданаралық жылу орталығы» АҚ президенті, 2005-2007 жылдары «Арзан базар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған. 2007-2008 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2008-2013 жылдары Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдың басынан бастап Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесіне төрағасы.

http://www.syrboyi.kz
29 қазан 2018 ж. 1 553 0