АСТАНАМЕН САБАҚТАС, ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ӨЗЕГІ
Өткен жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен Сыр бойына келген болатын. Мемлекет басшысының сапарын ақпараттандыру мақсатында қолға қалам алған журналистердің қатарында мен де бар едім.
Сырды Алаштың анасына балаған Ұлт көшбасшысы ең әуелі жер кіндігі болған Байқоңырға табан тіреді. Елбасының өз сапарын ғарыш кешенінен бастауы жайдан жай емес. Ғарыш қақпасының ел бірлігінің ерен үлгісі екенін айта кеткен абзал. Мұнда Президент Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысын барлап, «Бәйтерек» бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Әлем көз тіккен ғарыш кешенін өнеркәсіп пен жоғары технологияға бағыттаған орталық ретінде дамыту, жаңа зымыран кешенін салу екі ел үшін де ерекше жоба екенін айтып өтті.
Елбасы Байқоңырдан кейін Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне келді. Түбі бір түркі әлемінің рухани тәлімгері, ғұлама ойшыл Қорқыт бабамыздың құрметіне қойылған ескерткіш 1980 жылы бой көтерді. Ал, 2014 жылы Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша мемориалдық кешен қайта жаңғыртылып, оның жанынан қосымша «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» салынды. Мәдени кешен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан. Бұл туристер ағымының, әсіресе, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде шетелдік қонақтар қатарының артуына ықпал жасады. Ұлы жолдың бойындағы мемориалдық кешен мен «Байқоңыр» ғарыш айлағына өткен жылы жаз бойы 13 мыңнан астам турист келген. Жалпы, жаңа келбетке енгелі мұнда тоқтайтын, арнайы келетін туристер қатары уақыт санап артып келеді.
Елбасы сәулетті кешенді аралап, музейдегі жаңа жәдігерлермен танысқан сәтте облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың мәңгі өмір іздеген ұлы бабамыздың арманы мен Мәңгілік Ел мұратын қолға алған Елбасының жасампаз ісін сабақтастыруы көпшіліктің жүрегін қозғады. Бұл кездейсоқ сәйкестік емес. Ұлы Қорқыт мәңгілік өмірді халқы үшін іздеді, Ұлт көшбасшысы Мәңгілік Елді ұрпақ үшін көздеді. Екі арадағы сабақтастық пен байланыс осында жатыр.
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында алдымен Сырдария өзенінің сол жағалауындағы шығыстық үлгіде жаңғыруды көздеген жаңа қала жобасымен танысты.
Сырдарияның арғы беті мен бергі бетін байланыстыратын жаңа көпірге келген Елбасы осында құрылысшылармен жүздесті. Президент «Мына көпірді жолын кең әрі үлкен етіп, жақсы салған екенсіңдер» деді риза кейіппен.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеретін қала жайлы айтып, жүргізіліп жатқан құрылыстың маңызына тоқталды. Сонымен қатар, бұл жерге салынатын ғимараттардың макеті арқылы жаңа қаланың болашақ келбеті көрсетілді.
Аймақ басшысы қаланың Бас жоспарына сәйкес, сол жағалаудың 1532 гектарын игеру көзделіп отырғанын, оның Елордаға қарап бой түзеп келе жатқанын жеткізді.
Негізінен, сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралады. Атап айтқанда, тұрғындарға арналған 11 аудан, 1 индустриалдық аймақ және 3 ірі парк пен бульвар қарастырылып отыр.
2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 132,9 млн теңгеге Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 1532 гектар аумаққа инженерлік-геологиялық және геодезиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы осы аумақтың түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Аталған жоба облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Сол жағалауды кешенді игерудің алғашқы кезеңі 2017-2024 жылдар аралығына белгіленген.
Десе де, бұл бағыттағы жұмыстар мерзімінен бұрын басталды. Өткен жылдың мамыр айында Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 қабатты 18 тұрғын үй мен 320 орындық балабақшаның іргетасы қаланды. Ең бастысы, бұл нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен салынады. Ал, жоба құны 742 млн теңгені құрайтын 320 орындық балабақшаның құрылысы «Абу-Сер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынуда. Елбасы сол жағалауда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, құрылысшылармен кездесті.
Бұл жерде «Сәт-Сервис» ЖШС директоры Роза Иманова сөз сөйлеп, құрылысшылардың атынан ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы Астана секілді сол жағалауға құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшыларға алғыс айтып, табысты болыңдар, деген лебізін білдірді. Осындай жылы жүздесу барысында облыс басшысы Сыр елінің Астанадан үлгі алатынын жеткізді.
Елбасы мұнан кейін Қызылорда қаласының «Титов» қыстағындағы индустриялық аймақта салынып жатқан шыны зауытына ат басын тіреді. Сонан соң Мемлекет басшысы Қызылордадағы «Арай» спорттық-сауықтыру кешенінде сырбойылық жастармен жүздесті. Кездесуге бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, ауыр атлетикадан Азия ойындарының чемпионы Әсем Садықова, каратэ-додан Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай, тағы басқа спортшылар жиналды. Елбасымен кездесуге Мәскеуден К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің 3-курс студенті Наргиз Кашапова да келді. Талапты жас болашақта жерге орналастыру және кадастр маманы болмақ. Ол 12 жасынан бастап балалар үйінде тәрбиеленген. Қызылордада 2015 жылы балалар үйі жабылып, «Атамекен» балалар ауылына айналғанда 11-сыныпты аяқтап қалған еді. Сол жылы қаламызға келіп емтихан қабылдаған Ресей университеттерінің сынағына қатысып бағын сынап көрді. Барлық емтихандардан жақсы нәтиже көрсетіп, Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазандағы жоғары оқу орындарының грантына ие болды. Әйткенмен, Наргиздің өз таңдауы Мәскеуге түсті.
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Менің Мәскеуден келгеніме бір-екі күн болды. Ондағы өзім құралпылас жастардың cізге деген сәлемін ала келдім. Мәскеудегі дос-құрбыларым cіздің жас ұрпаққа артқан сеніміңізді ақтап, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға дайын, – деді Н.Кашапова.
Елбасы Ресейдің техникалық жоғары оқу орындарында білім алып жүрген барша қызылордалық жастардың сәлемін жеткізген Наргизге мейірімін төгіп, құшағына қысты. Тәуелсіз елдің болашағы – жастардың, жас мамандардың талабына, армандарына жету жолындағы ынта-жігерлеріне ризашылық білдірді.
Сонымен бірге «Нұрсұлтан» есімін иеленген үздік оқушылар да Елбасымен жүздесуге облыс аудандарынан арнайы келді. Жүздері бал-бұл жанған жастардың Елбасымен кездескен кездегі қуаныш-шаттықтары маржан шашылғандай күйге бөледі.
Аралдық Нұрсұлтан Жақсыкелдиев 2-сыныпта оқиды. Ол Мемлекет басшысына:
– Мен болашақта космонавт болғым келеді. Өйткені, Президенттің өзінің самолеті бар. Ал мен әжемді, бірге оқитын достарымды және көрші балаларды самолетпен қыдыртқым келеді. Әсіресе, Сіз салған Астананы көргім келеді. Өйткені, бәрі сол қаланы мақтайды, – деп балалық арманын айтты.
Тәуелсіз елдің азат ойлы өренінің асқақ арманын тыңдаған Елбасы кішкентай аттасының басынан сипап, ата-анасымен бірге Астанаға қыдырып қайтуға шақырды. Елбасы сапарынан соң балғын Нұрсұлтанның арманын назарға алған аймақ басшысы оның әсем елордаға сапарлап қайтуына қолғабыс етті.
Елбасы сапары кезінде Сыр халқы ерекше көңіл-күйге кенелді. Мемлекет басшысының Қызылорда өңіріне деген айрықша қамқорлығына аса риза сезімде екендіктерін жеткізді.
Биыл ел жүрегі – Астананың 20, қасиетті Сырдың бас шаһары – Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойлары қатар келіп отырған ерекше жыл.
Елорданың мерейлі мерекесіне орай Қызылорда облысы сыйлық ретінде ашық аспан аясындағы ғарыш музейін тарту еткені белгілі. Оның ашылуына Елбасы қатысты. Осылайша, Астанаға қарап бой түзеген аймақ өзінің ыстық ықыласын жеткізді.
Айтпақшы, Елбасының өңірімізге сапары кезінде құрылысы енді бастау алған бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының нұсқасы бойынша облыстық музейдің құрылысы жүргізіліп жатқан болатын. Қызылорда қаласының 200 жылдығы қарсаңында аталған ғимарат ашылып, игілікке берілгенін атап өткен дұрыс. Оның ашылу рәсіміне мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова арнайы қатысты. Өздеріңізге белгілі, Қызылордада, дәл осы Қазақ Орталық Атқару комитетінде 1925 жылы бұрын «қырғыз-қайсақ» атанып келген ұлтымыз «Қазақ» деген түпкі атын ресми иеленіп, тарихи шешім қабылданған болатын. Оның бір жағы мұражай да, екінші жағы Рухани жаңғыру орталығы болды.
Тағы бір айта кететін жайт, қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов «Болашақ» университетінің қалашығы салынатынын мәлімдеген болатын.
– Сол жағалауда «Болашақ» университетінің бүтін бір қалашығы бой көтереді. Атап айтқанда, 12 қабатты әкімшілік ғимарат, оқу корпустары, Студенттер сарайы, клиникалық құралдармен жабдықталған медициналық колледждің және «Болашақ» колледжінің ғимараты, балабақша, дендросаябақ пен мегаорталық орналасатын болады. Бұл жобалардың барлығы жүзеге асқан жағдайда «Болашақ» университетінің қалашығы сол жағалаудың көрікті жерінің біріне айналады. Болашақ – жастардың қолында. Қазір жастарға үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Еліміздің келешек тірегі болатын жастарға қамқорлық танытқаныңыз үшін сізге рахмет, – деді қоғам қайраткері.
Айтса, айтқандай сол жағалауда “Болашақ” университетінің бас ғимараты салынды. Алыстан мен мұндалаған ғимараттың сәулеті де ерекше көз тартады.
Мемлекет басшысы келген кезде дарияның сол жағалауында тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр еді. Бүгінде бүтін бір шағын аудан бой көтерді. Бұдан Елбасы сапарынан Сыр халқы рухтанып, қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқанын аңғарамыз.
Тәуелсіздік алғалы бері ширек ғасыр ішінде мемлекетіміз адам танымыстай өзгерді. Орталық Азиядағы көшбасшы ел ретінде танылды. Пост кеңестік мемлекеттер арасында да алдыңғы қатардан көрініп келеді. Ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламаның арқасында бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің санатына кірді. Төрткүл дүние көз тіккен айтулы шара – ЭКСПО-ны өткізген Қазақстан рухани жаңғыруға ден қойған ел ретінде өзін әлемге мойындатып үлгерді. Мұның барлығында елдің тізгінін ұстаған, мемлекетке лайықты көшбасшы болған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасы сайрап жатқанын айта кеткен абзал.
Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.