Жыл кітабы анықталды
Жыл сайынғы «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының барысында оқылатын жыл кітабы анықталды.
2018 жылдың соңына қарай 2019 жылы оқылатын «Бір ел – бір кітап» акциясына дауыс беру әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Аталған жобаны қорытындылау мақсатында республикадағы барлық кітапхана басшылары мен қызметкерлері және оқырмандарының қалауымен «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды. Сондай-ақ, акцияның шешімі республикалық акция комитеті мүшелерінің және өңірлерден келген кітапханалар басшыларының қатысуымен қабылданды.baq.kz
Пікір 1