"E-COLLЕGE" цифрлық басқару жүйесі қолданысқа енгізілуде
Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында "Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс", - деген болатын.
Бұл мақсатта Қызылорда облысында 2018 жылы 2401470 қызмет электронды түрде көрсетіліп, 2017 жылмен салыстырғанда 43 пайызға артқан.
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін бұл салада әкімшілік кедергілерді азайтып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды мейлінше электронды форматқа көшіру аса қажетті шаралар.
Сыр өңірінде М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледждінде "E-COLLEGE" цифрлық басқару жүйесі қолданысқа енгізілді.
Аталған жүйе республика бойынша алғаш рет пайдаланылуда. Жүйе арқылы студент жатақханаға орналасуға тапсырыс береді және нәтижесін бақылайды. Студент өзінің жеке кабинеті арқылы сабақ кестесімен, өтетін орнымен, журналдағы бағалармен, емтихан қорытындыларымен таныса алады. Жүйенің тағы бір тиімділігі оқу кітаптарымен танысып, оларды жүктеп алуға болады. Бұл қызметтер телефон арқылы да қолжетімді.
"E-COLLEGE" жүйесіне студенттермен қатар ата-аналардың қатысу мүмкіндігі бар. Ата-аналар анонимді сауалнамаға қатысып, балаларының сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімін бақылай алады.
"E-COLLEGE" цифрлық басқару жүйесі Қызылорда педагогикалық жоғары колледждінде өткізілген семинар барысында облыстағы барлық колледждерге таныстырылды.
Сонымен қатар, колледжде студенттерге қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Бүгінгі таңда өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары облыстағы 3 жоғары оқу орнында және 29 колледжде ашылып, тиімді жұмыс жасауда.