» » » Талаптыға нұр жауар

Талаптыға нұр жауар


Бұл өмірге шыр етіп келген әрбір пенденің өз жан сыры, талпынысы болады. Әр  адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші!Туа бітті
 өнерге деген талпыныс – бұл жақсы дүние. Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Осындай өнерге жаны жақын, аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы, мүмкіндігі шектеулі жан, нәзік сыры бар, Мылтықбай Құралай Батырбекқызын айтуға болады. Құралай1999 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туған. Қазіргі кезде бос уақытында қолөнер бұйымдарын жасайды. Оларды моншақтан, иірілген жіптен, түрлі-түсті қағаздан, рожкиден құрастырып дизайн жасайды. Қолөнер бұйымдарын
Қызылорда облысындағы 5 интернатта оқып жүргенінде еңбек пәнінің мұғалімі Қуанышкүл апайынан 13 жасынан бастап үйренген екен. Қазіргі кезде  аспазшы, үгу терапиясы (массажист) мамандығын алған. Алдағы уақытта массаж кабинетін ашып, халыққа қызмет жасағысы келетінін жеткізді. «Жастар жылы» аясында «Кітапхана және жастар:арман, тілек, үміт» жобасы бойынша Құралайдың қолөнер бұйымдарынанкітапхананың Коворкинг орталығына фотокөрме ұйымдастырылып қойылды. Мақсаты: жастардың өнерін насихаттау, еңбекке баулу, өнерді инновациялық форматта көрсету. Құралайға алдағы уақытта бұдан да қолөнер бұйымдарының көптеп жасауына тілектеспіз.
                                                                           
Раушан Қалиева,
аудандық кітапхана қызметкері.
11 сәуір 2019 ж. 949 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30