» » » Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып әкелді (видео)

Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып әкелді (видео)

Әлеуметтік желіде ерекше әдемі құдалықтың видеосы тарады. Қазақ халқының ежелгі дәстүрінің жағырғанына бәрі қуануда.  Қазақтың қара домбырасымен әндетіп, қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалардың әрекеті дүйім жұртты тәнті етті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеода қыз берген жақтың қалыңдық жасауын түйе мен ат арбаға салып, домбырамен әндетіп келе жатқаны бейнеленген. Бұл ерекше құдалық әрине желі қолданушыларының назарына ілінбей қалмады. Олар қазақтың салт-дәстүріне сай жасау әкелген той иелерінің әрекетіне тәнті болып, ыстық лебіздерін білдіруде.
«Өте әдемі. Ешқандай да ысырапшылық емес, қазақтың домбырасымен, әсем әнімен, әдемі оюларымен жарқырап келіп, салт-дәстүрді жаңғыртып жатыр, жарайсыздар! Той болсын, осындай тойға жете берейік, жастар бақытты болсын, біздерге де қыздарымызды абыроймен шығарып салуды нәсіп етсін. Көлікпен əкелгенше осылай түйемен əкелген күшті ғой. Екі жас бақытты болсын, біз де осындай тойға жете берейік. Қоржын құда келді, ертеде қоржын құданы ерекше күткен, несі бар, әдемі көрініс», - деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары.
05 мамыр 2019 ж. 739 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930