» » » ЖҮРЕККЕ ҚЫМБАТ ӘКЕЛЕР

ЖҮРЕККЕ ҚЫМБАТ ӘКЕЛЕР

  Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде теміржол саласында жұмыс жасап, майдан даласы мен ел-халықты байланыстырған жүре жолда қажырлы еңбек еткендердің бірі – жерлесіміз Нұрат Әбенов.
        
Ол 1914 жылы аудандағы Тобыр №6 разъезінде өмірге келген. Нұрат  Әбенұлының әкесі өмірден ерте кетіп, анасы Ақжан 4 баламен қалады. Содан кейін, Ақжан ана бар өмірін балаларына арнап, өсіріп жеткізді. Екі қызы  Ақбөпе мен Рыскүлді  құтты орнына  қондырды. Екі ұлы өздерінің отбасын құрды. Ал, Нұрай әке шаңырағында анасымен бірге разъезде (ШЧ -25 мекемесінде) қалды.

         Нұрат  Әбенұлы КСРО-ның құрметті теміржолшысы болған, еңбек майданының қатысушысы. Шойын жолдағы қажырлы еңбегін елеген елі құрмет көрсетіп, кеудесіне медаль тақты. Соғыс кезінде ол Оңтүстік Донецкідегі теміржолға, Ясиновка бекетінде іс сапарға жіберіліп, сол жерде 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Содан Нұрат әке Ақсу ауылының тумасы Орынкүл есімді қызбен семья  құрып, өмірге Гүлжан атты үлкен қызды әкелді. Қазіргі таңда Гүлжан отбасымен Шымкентте тұрады. Ұлы Еркін де жоғарғы білімді маман. Кенже атты жарымен семья құрып, қазіргі таңда олар Алматы қаласында. Кенже қызы Гүлсім, Ермек атты жігітпен бас қосып, қазіргі  таңдаолар да Алматы қаласында тұрады.
         Әкем Жұмаділ Жұмашовтің  ағасы Шыңғабай  Бижанов татеміржол саласында 45 жыл  аға мастер болып қызмет етті. Теміржол саласына еңбегі  сіңген жәнеқұрметті теміржолшы, соғыс ардагері.Көптеген медалдардың иегері. Ал, анам Күлза Жеңсікбаеваның ағасы Қалыбек Машаев 1909 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезі, Маслов болысы, бұрынғы Ақарық колхозы, Ақсу ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1936 жылы теміржолға жұмысқа орналасып, 1943 жылы Ұлы Отан соғысынашақырту алып, теміржол әскери бөлімінде қызмет еткен. «Германияны  жеңгені үшін», «Ұрыстағы  ерлігі үшін» медалдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Қызылорда дистанциясында 47 жыл 8 околаткада теміржолшы болды. «Еңбек Қызыл ту» ордені, «Құрмет белгісі», «Қызыл жұлдыз» медалімен, «Сталиндік шақыру» грамотасымен, «Құрметті теміржолшы» атағын алған. Социалистік жарыстың жеңімпазы болып, есімі  Құрмет кітабына  енгізілген. Бірнеше рет  ауылдық кеңестің депутаты болған.
         Анамның әкесі  Жеңсікбай  Кеңесбаев1902 жылы  Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі,  Маслов болысы,  бұрынғыАқарық  колхозы,  Ақсу ауылдықкеңесінде   дүниеге келген.  Қазіргі Ақсу ауылында  ауылдық Советті басқарған. Содан 1942 жылы соғысқа аттанған, содан  елге оралмаған. Қазіргі таңда  «Ер есімі ел есінде» Мәңгілік алауда аты таста жазулы тұр.
         Нұрат әкенің балалары мен немерелері өмірдің жалғасы Нұрат әкенің інісі артынан  ерген  Мұрат Әбенов 1927  жылы осы өңірдегі №6 разъезде өмірге келген. Мұрат аға Самарқандтағы жол техникалық диспетчерлер училищесін бітірген 1954 жылы 26 жасында Қызылорда ірі тарапта станциясында аға диспетчерге тағайындалады. Ташкенттегі теміржол транспорт инженерлік институтында «теміржолдарды салу» мамандығын бітіреді. 15 жылдай  Қазақ темір жолының Қызылорда бөлімінде рай профсоюздың төрағасы болып  қызмет атқарған.
         М.Әбенов өзінің өміржолын теміржол саласына арнады. Мұрат аға көлік және қатынас жолдарының «КСРО құрметті  теміржолшысы» «КСРО  Құрмет белгісі» орденімен  сонымен қатар,  басқа да КСРО және Қазақ КСР  үкіметтік медалдар мен  марапаттарының иегері. Мұрат аға  ол бірнеше рет КСРО теміржол  транспортының кәсіподақ съездерінің  делегаты болып сайланған. Мұрат аға Қалам Мақанәліқызына бас қосып, өмірге Сұлтан есімді ұлды және Шолпан, Айман, Маржан атты қыздарды әкелді.
          «Орнында бар оңалар» демекші, Мұрат ағамның  есімі ел есінде  қалған. Қазіргі таңда Қызылорда жолаушылар  көлігі басқармасының  ғимаратындаМұрат ағаға  арналған  мемориалдықтақтада есімі жазылып тұр. Адамның жақсы болуы нағашысынан, – дейді ғой атам қазақ. Ал менің нағашыларым жа еңбек майталмандары болды.
         Жоғарыда айтып өткен Шыңғабай ағаның жолын қуған інім Нұрлан Жолдасов ел алғысына бөленіп, осы салада абыройлы  қызмет етіп келе жатқан  білікті маман. Ал қызым Гаухар Қоңыратбаева да теміржол саласындақызмет жасайды.  Өзім 41 жыл теміржол саласында  қызмет етіп, қазіргі  таңда зейнетке шығып, теміржол саласының ардагерімін. Нағашы әкеміз Сұлтанбек Серікбаев та теміржол саласында 45 жыл  еңбек етті. Ол соғыс  ардагері, көптеген медалдардың  иегері.
         Қорыта айтқанда, Жалағаш топырағынан шыққан «Почетныйжелезнодорожник»  (Құрметті теміржолшы) белгісінің иегерлері, ағайынды Нұрат, Мұрат Әбеновтердің өміржолдары  көпке үлгі боларлықтай. Нұрат аға  45 жыл бойы «Тобыр» разъезін  басқарса, Мұрат поезд қозғалысын  ұйымдастыру  саласында республикаға белгілі жаңашыл диспетчер есебінде танылып, «Знак почета»(Құрмет белгісі) орденімен наградталды. Сондай-ақ, ол ВЦСПС-тің съезіне бірнеше рет делегат болып қатысты. Әкелерімдің ізін жалғаған нағашыларым Төребек Қорғанбеков қазіргі таңда Қызылорда бөлімшесінің поезд аға диспетчері болса, Ақылбек Жалғасбаев жүк бөлімшесінің бастығы болып еңбек етіп жүр.
          Жоғарыда аты аталған кісілердің барлығы теміржол саласының  өркендеуіне  елеулі үлес қосқан еңбек адамдары десем де артық айтқандық емес. "Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан" деген жақсы сөз бар. Осы тұста нағашыларымды да мақалаға арқау етуді жөн көрдім.
Ұрлыхан ЖҰМАДІЛҚЫЗЫ,
теміржол саласының ардагері.
09 мамыр 2019 ж. 692 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930