» » » Пітір садақаны қай уақытқа дейін беруге болады?

Пітір садақаны қай уақытқа дейін беруге болады?

Қасиетті Рамазан айында берілетін пітір садақаға қатысты тұрғындар арасында көп сауалдар туындайды. Садақа Қадір түніне дейін берілуі керек пе деген сұраққа muslim.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

Негізінде пітір садақасы айттың бірінші күні, таң намазы кіргеннен бастап міндеттеледі.

«Ораза – Рамазан айында ұсталады, пітір садақасы – ауыз ашқан күні (айттың бірінші күні) беріледі, құрбан – құрбан айтта сойылады», – делінген Пайғамбарымыздың хадисінде.
Дегенмен пітір садақасын айттың алдында, рамазан айында да беруге болады. Ал айт күнінде пітір садақасын бір жағдайлармен беріп үлгермей қалған болса, айттан кейін беруі керек.
Пітір садақаны айт намазы басталмай тұрып беру – мұстахаб. Өйткені Пайғамбарымыз пітір садақасын айт намазына шықпай тұрып беретін болған.



29 мамыр 2019 ж. 983 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 674

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31