Адамның адамдығы өзін-өзі билей алуында

–Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, - дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:
–Абай ау, сен дана емес пе едің. Ол не дегенің? Меңаяқ өз атының басын ғана емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейд. Оған Абай:
–Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, - депті.
Ойлағандарыңыз – тағдырыңыз
Ойлағаныңыз оң болсын,
Өйткені ойлағандарыңыз сөздеріңіз болады.
Өйткені сөздеріңіз әрекетіңіз болады.
Өйткені әрекетіңіз әдетіңіз болады.
Өйткені әдеттеріңіз құндылығыңыз болады.
Өйткені құндылығыңыз тағдырыңыз болады.
Дереккөз: «Кемел» аудармалар жинағы,
Мырзакелді Кемел.