» » » Рухани жаңғыру – ұлттық бұйымдарды дәріптеуден басталады

Рухани жаңғыру – ұлттық бұйымдарды дәріптеуден басталады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстық әйелдер-қыздар секторы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ерекше көрме ұйымдастырды.Аталмыш көрме Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруды көздеді.
«Қазақтың ұлттық бұйымдары» атауымен өткен көрмеге әйелдер-қыздар жамағаты ата-бабаларымыздан аманат болып келе жатқан ұлттық бұйымдарды ұсынды.
Оның ішінде ұлттық әшекейлер, ою-өрнекті ыдыс- аяқтар, төсеніштер, ұлттық өнер аспаптары,ұлттық киімдер жамағатқа таныстырылды.
Облыстағы әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Маралдың айтуынша жамағаттың ұлттық бұйымдарға деген ерекше ықыласы мен қызығушылығы барынша басым болды.
Өкілдік тарапынан алдағы уақытта да Елбасы мақаласын дәріптеу, насихаттау, жүзеге асыру бағытында түрлі форматта шаралар ұйымдастырылатын болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
13 ақпан 2018 ж. 1 951 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031