» » » Қазақстандықтар желіде Абай өлеңдерін оқу флешмобын бастады

Қазақстандықтар желіде Абай өлеңдерін оқу флешмобын бастады

ÒазаÒÑÑандÑÒÑÐ°Ñ Ð¶ÐµÐ»Ñде Ðбай өлеңдеÑÑн оÒÑ ÑлеÑмобÑн баÑÑадÑInstagram және Facebook желілерінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта Instagram желісінде бұл науқан бойынша 160-тан аса жарияланым бар.  

Бұл challenge-ді бастаған Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Шынар Шәкенова Tengrinews.kz тілшісіне науқан жайлы айтып берді.

Ол таратуға мүмкіндік беретін ресурс ретінде осы әлеуметтік желіні пайдалануды ұйғарыпты. Оның айтуынша, challenge-дің көбі осы әлеуметтік желі арқылы кең таралады.  "Абай қазақ руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармасы қазақ жерінде жылдан жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойды. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі, Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Ол менің де сүйікті ақыным. Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әрқайсыңыз Абайдың кем дегенде бір өлеңін жатқа білесіздер. Сондықтан, Абайды дәріптеп, шығарамасынан бір үзінді оқитын challenge бастаймын. Кім менімен бірге? #Abai175", - деп жазған Шынар Шәкенова желі парақшасында. 

massaget.kz
12 маусым 2019 ж. 657 0