» » » "Жұрт кедейліктен көшеге шықты": Тоқаев митингілер туралы

"Жұрт кедейліктен көшеге шықты": Тоқаев митингілер туралы

Қазақстанда заңсыз митингілер кезінде 957 адам тұтқындалған.  Осы жағдайға қатысты пікір білдірген президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамдардың кедейліктен көшеге шыққанын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Шеруге қатысқандарға тоқталсақ, олар шынымен де наразылық танытып, көшелерге шықты. Қазіргі уақытта олардың талаптары бойынша талдау жүргізіліп жатыр. Негізінде, бұл әлеуметтік сипаттағы талаптар. Мұндай мәселелердің бар екенін жоққа шығармаймын. Олардың дені адамдардың кедейшілікте өмір сүруінен. Олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық проблемаларының шешілгенін талап етуде. Билік естіді. Біз жұмыс істейміз. Қоғам қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян келтірмеген адамдар бар. Әрине, олар жақын уақытта босатылады. Ол жерге кездейсоқ түскен адамдардың бар екенін естідім. Олардың алдында кешірім сұраймыз, яғни тездетіп босатамыз. Бұл проблема да шешіледі», - дейді Тоқаев. 
Сонымен қатар мемлекет басшысы сайлаудың әділ өтпегенін айтқандардың да босатылатынын атап өтті.
«Олар да босатылады. Себебі олар солай санайды. Ал мен, мысалы, сайлау әділ өтті деген пікірдемін», - дейді президент.ÒаÑÑм-ÐомаÑÑ Ð¢Ð¾Òаев
14 маусым 2019 ж. 823 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930