» » » ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР


Бүгінгі күні базалық зейнетақы мөлшері азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей тағайындалады. Ал, зейнетақы заңына енгізілген өзгерістер бойынша осы жыл­дың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік ба­залық зейнетақыны тағайындау әдіс­темесі өзгеретін болады. Біз бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ-ның «ӘТВЕО» департаменті Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Шолпан­ Сасықбаевамен әңгімелесіп, мәлімет алдық.

– Шолпан ханым, биылғы жыл­дың шілдесінен бастап енгізі­летін өзгерістер жөнінде толы­ғырақ ма­ғлұмат айта кетсеңіз?
– 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тек қана жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде (58-63) және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері есепке алынады. Бұл аралыққа міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу кезеңдері енетін болады.
Бұған қоса, басқа әлеуметтік маңызы бар кезеңдер – үш жасқа дейінгі балаға күтім жасау, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау, дипломаттардың жұбайларының шетелде тұрған, әскери қызметшілердің, әлеуетті құрылымдар қызметшілердің жұбайының жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ болған жерлерде, тұрған кезеңдері және "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері де қосылады. Бұл ретте, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. Ал, 10 жылдан артық болса, әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтылады және 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады. Бұндай тәсіл әлеуметтік әділдікті орнатады. Яғни, адам көп жыл жұмыс жасаған сайын, оның зейнетақысы да жоғары болады. Бұл барлық зейнеткерлерге, оның ішінде қазіргі зейнеткерлерге және келешектегі зейнеткерлерге де қолданылатын болады. Осылайша, базалық зейнетақының мөлшері бүгінгі күні азаматтар алып отырған зейнетақының мөлшерінен төмен болмайды.
Сонымен қатар, базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпейді, яғни зейнеткерлер ешқайда бармайды, себебі олардың зейнетақы істерінде еңбек өтілі туралы мәліметтер аударылған міндетті зей­нетақы жарналары туралы дерекқорында сақталады.
– Мәселен, 1998 жылғы 1 қаң­тарға дейінгі 13 жыл еңбек өті­лі бар ана дейік. Қазір 10 жастағы мүм­­кіндігі шектеулі баласының кү­тіміне байланысты 9 жылдан бері үйде отыр. Бұл кісіге базалық зей­нетақының мөлшері қандай болады? Оның зейнетақы қорына аударымдары жоқ.
– 2018 жылғы 1 шілдеден бас­тап заңнамада базалық зейнетақыны та­ғайындаған кезде 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау кезеңі де есепке алынатын норма көзделген. Осыған байланысты базалық зейнетақыны тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін 13 жыл еңбек өтілі және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау уақыты да есепке алынады. Осылайша, жалпы еңбек өтілі 22 жылды құрайды, яғни базалық зейнетақы мөлшері 28284 теңге болады.
– 5 баласы бар көпбалалы ана, жұ­мыс жасамаған. Базалық зейнетақы тағайындалады ма?
– Базалық зейнетақы еңбек өтілі болмаған жағдайда да тағайындалады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істемейтін балалы әйелдердің бала күтімінің уақыты, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт базалық зейнетақыны тағайындаған кезде есепке алынады. Бұл жағдайда еңбек өтілі 12 жылды құрайды және базалық зейнетақы 28284 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 58 пайызын құрайды.
– Әскери адамның жұбайы бол­ғандықтан жиі қоныс аударып, жұмыс жасамаған. Базалық зейнетақы та­ғайындалған кезде бұл кезеңдер есепке алына ма?
– 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау кезінде әскери қыз­метші жұбайларының жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жағдайда жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңдері есепке алынады. Осылайша, жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрған кезеңді растайтын құжат ұсыну арқылы базалық зейнетақы тағайындалады.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Н.АЛМАСҚЫЗЫ.
17 сәуір 2018 ж. 2 831 2

Гость Jeaplause от 13 ақпан 2019 07:26
Viagra 50 Mg Tablets cialis vs viagra buy accutane online reviews Acne

Гость Jeaplause от 5 наурыз 2019 05:22
Propecia Mujeres Jelly Kamagra viagra online Amoxicillin Allergic Penicillin Cialis Jeune Homme

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031