ДӘРІГЕР БАЛА ЕМІЗУГЕ КЕТТІ...
Емхана. Дәрігердің алдында әдеттегідей ұзақ-сонар кезек. Кемедегінің жаны бір. Дерттері денесін дендеген дімкәс жандар бірі-бірін «қазір келіп қалар» деген сөзбен жұбатып қояды. Олардың барлығының сарыла күткені – дәрігер. Әдетте ауруы жанына батқан адамның сіркесі су көтермейді ғой. Ал, бұлар ашуланбайды. Кімге ашуланады, дәрігерге ме? Жоқ, Құдай сақтасын, дәрігерге дауыс көтермек тұрмақ, қабақ шытуға болмайды қазір. Өздері осындай халде отырып ақ халат кигендерді ренжітсе жағдайлары тіпті қиын болады ғой...
Алды таңалакеуімде келіп әбден шаршаған бейбақтар түске қарай үйлеріне қайтуға ыңғайланғанда басы кекжиген кербез келіншек тас еденді топылиының бір қарыс өкшесімен тесіп жібердей тақылдата ұзын дәліз бойымен кердең басып келді де тура бөлмесіне кірді. Түрі суық, (қазір өңі жылы, сөзі жұмсақ дәрігер жоқтың қасы) өзін сағаттап күтіп отырған науқастармен амандасу былау тұрсын, көзінің қиығын да салмады. Көздері мөлейіп, есікке телміріп отырғандар бір дүр етіп басылды. Енді науқастар дәрігердің киімін ауыстырып, үстелінің үстін ретке келтіргенше тағы да жарым сағат күтеді. Өзі шақырмайынша, есігін қағуға ешкімнің қақысы жоқ. Егер біреуі рұқсатсыз есіктің тұтқасын ұстаса оған дәрігердің «сыбағасы» дайын. Бірақ, жүйкесі сыр берді ме, қолындағы таяғы мен ержетіп қалған немересін сүйеніш етіп сүйретіліп әзер келген әжей дәрігердің есігін ашып:
– Шырағым-ау, қайда жүрсің, біздің күткенімізге бес сағат болды ғой?! – деді кетік тістерінің арасынан сөздері шашырап шығып.
– Әже, мен де ерігіп жүргенім жоқ. Үйде емізулі балам бар. Мен сендерге қажет болсам он сағат күтесіздер, – деп қысқа қайырды. Иә, дәрігердің жауабы дұп-дұрыс, ешқандай бұлтарыс, қалтарысы жоқ түп-түзу сөз. Қажет болса жиырма төрт сағат күтсін! Өйткені, дәрігерге науқастың керегі жоқ, керісінше, науқасқа дәрігер қажет. Жас дәрігер жақында ғана босанған. Үйінде емізулі сәбиі бар. Бірақ, бала күтіміндегі анамын деп бесік тербетіп үйінде отырмай, науқастар үшін жұмысына күніне бір мезгіл келіп-кетіп жүр ғой. Керісінше, олар сол үшін бұл дәрігерге мың алғыс айтуы керек. Өйткені бас дәрігердің айтуынша, адам ағзасының сол бір мүшесін тексеретін ауданда одан басқа медицина маманы жоқ. Қат нәрсенің қасқалдақтың қанындай жерге тамбайтыны бесенеден белгілі. Сондықтан жұмысқа өзінің қалаған уақытында келе беретін ол қазірде дәрігерлік антты ұмытқан. Тіпті оның алдына Гиппократтың өзі тіріліп келсе де апталап күттіріп қоятынына күмәніңіз болмасын. Әлгі әжеміздің он бала туып және сол құндақтағы шақалақтары қырқынан шыққан бойда арқасына таңып алып таң азанмен кетпенмен жарма қазғанын көлеңкеде отырған мына қағаз кеміргіш жас дәрігер қайдан білсін! Күніне екі сағат қана науқастарды қабылдап, әр науқастың шағымына қарай ұзыннан-шұбақ қағаз толтырады. Сосын оған мелшейтіп мөр соғады да, облыс орталығына жолдайды. Болды, сонымен міндетінен құтылады. Ал, дертіне шипа іздеп, жанына араша болады деп келген науқастың емхананың есігін жағалап, сандалуы содан соң басталады.
...Зарықтырып барып іштен дәрігердің «Пәленшиев» деген дауысы шықты-ау, әйтеуір. Демін ентіге алып отырған тыриған арық келіншек орнынан қиралаңдап әзер көтеріліп, аһылап-уһілеп дәрігердің бөлмесіне беттеді. Бұл науқас түрі үнемі сазарып тұратын алдындағы ақ халатты келіншекпен сырқаты сыр бергеннен таныс. Іштей есептеп отырса екеуінің таныстығына он жылдың жүзі болыпты. Сөйте тұра ауруы әлі нақты анықталған жоқ. Үлкен қалаларға қаралатын жағдайы болмаған соң, тұрмыстың тауқыметі бұл бейбақты сүйретіп аудан орталығындағы осы дәрігердің алдына айналдырып алып келе береді, алып келе береді. Әр келген сайын үмітпен келеді, бірақ баяғы жартас – сол жартас... Бүгін де тағы сол үйреншікті сауалдар қарша борады. Дәрігер науқастың қалыңдығы жағынан «Абай жолын» он орап алатын медициналық кітапшасына ирек-ирек түсініксіз бірдеңелерді ойқастатып жазып жатыр. Әдеттегідей аурудың шағымының өзі бес-алты бет болды. Оған тағы да бір бет қосып, қабылдайтын дәрі-дәрмектерін жазды да, ауруы әбден титықтатқан арық келіншектің қолына ұстатты. Одан кейінгісі науқасқа белгілі...
Дәрігердің «келесі» деп айқайлаған дауысын күтіп дәлізде қаншама адам құлақтарын түріп елеңдеп отыр. Бірақ, бұл кезде «кербез келіншек» сағатына қарап, жанындағы медбикесіне қалғандарын келесі күні қабылдайтынын айтуды тапсырып, киімін ауыстырып жатты...

Күтуден ЖАЛЫҚҚАН.