» ТОҒЫЗ АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАРҚАТЫЛДЫ

ТОҒЫЗ АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАРҚАТЫЛДЫ

Аймақта үш ауысымды мектеп мәселесі мер­зімінен бұрын толық шешімін тапты. Сондай-ақ, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар да 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Астанада орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев айтып өтті.
– Облыста үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілді. Сонымен қатар, өткен жылы апатты жағдайдағы мектеп мәселесіне де нүкте қойдық. Мысалы, 2013 жылы облыста 37 апат алдындағы мектеп болды. Биыл Жаңақорған, Жалағаш аудандарында апатты жағдайдағы тағы 2 мектеп тіркелді. Бұл мәселе бүгінде бақылауда және тиісті шаралар жүргізілуде, – деді облыс әкімі.
Басқосуда аймақ басшысы мұнан бөлек, 9 айдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ол Сыр елінде құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын да тілге тиек етті. Соңғы 5-6 жылда аймақтың алып құрылыс алаңына айналғаны рас. Облыс әкімінің айтуынша, 2013 жылдан бері 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерген. Мәселен, облыстағы 57 апатты жағдайдағы денсаулық сақтау мекемесінің орнына 49 жаңа нысан бой көтерді. Аталған санаттағы қалған нысандардың орнына келер жылы жаңа ғимараттар салу жұмыстары бастау алады.
Облыста әлеуметтік нысандардан бөлек 69 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. 1747 пәтерге лайықталған көпқабатты үйлердің 55-і биыл, оның ішінде Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 14 көппәтерлі тұрғын үй, яғни тұтас шағын аудан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңірде 2013-2018 жылдары 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, соңғы 2 жылда мемлекеттік қаражат және жеке мердігерлердің есебінен 500 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерген.
Айта кетейік, 2013 жылдан бастап қолға алынған аймақтағы апатты жағдайдағы кезекте тұрған үй иелерінің мәселесі 2017 жылы оң шешімін тапты. Бүгінгі таңда облыс бойынша апатты жағдайдағы үйлердің орнына 645 отбасы үшін жаңа жайлы бас­пана салынды. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда жеке тұрғын үй құрылысы шеңберінде 24 мыңнан астам жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, былтырдың өзінде тұрғындарды баспанамен қамту 17 пайызға жуық, ал биылғы жылдың 9 айында тағы 4 пайызға өсті.
Брифингте өңірдегі тампонажды цемент зауыты да мерзімінен бұрын пайдалануға берілетіні айтылды. Жылына 1 млн тонна тампонажды цемент өнімін шығаратын Қазақстан бойынша тұңғыш зауыт желтоқсан айында Шиелі ауданында іске қосылады. Жоба «2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асуда.
Қазіргі уақытта нысанның барлық құрылыс жұмыстары аяқталған. Енді кезекте жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүзеге асуда. Алдағы уақытта кәсіпорында 260-тан астам адам жұмыс істейтін болады. Мұндай үлкен жобаның біздің аймақта жүзеге асып жатқанының арқасында жергілікті салық көлемі артады. Бір жағынан өндірісті іске қосу арқылы цементке арналған қаптар, асфальтбетонға минералды шаң шығаратын шағын және орта кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді. Аудандық колледжді бітірген 48 жас маман Қытай зауыттарында қосымша білім алды. Қытайлық инвесторлар қазіргі таңда Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің базасында жергілікті жастар арасынан 80 маманды даярлықтан өткізуде.
Тампонажды цемент мұнай-газ және атом өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Әсіресе, апатты және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде таптырмас зат. Бұдан басқа, шығарылатын өнім қатты аязға, суға және коррозияға қарсы төзімді. Цементтің тағы бір маңызды сипаттамасы 0-12 сағатта кебеді.
Келелі жиында келер жылдың сәуір-мамыр айында Сыр өңірінде смартфонға арналған әйнектер шығаратын зауыттың іске қосылатыны айтылды. Бұл ретте алдымен өңір басшысы Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы аяқталып қалғанын тілге тиек етті.
– Өңірде гаджеттерге арналған ультра-әйнек шығарылады. Жобаның құны – 150 млн доллар. Мен арнайы зауыттың директорын шақырдым. Шыны зауытының ашылуына байланысты күдік болды. Бірақ, Қызылордада шыны зауыты болады. Қазіргі таңда зауыттағы құрылыс-монтаждау жұмысының 90 пайызы бітті. Зауытқа 100 пайыз құрал-жабдықтар жеткізілді, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің елордада өткізген баспасөз мәслихаты туралы толық ақпаратты газетіміздің алдағы санынан оқитын боласыздар.

«ЖЖ» ақпарат.
---
06 қараша 2018 ж. 792 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 05:12
How To Buy Flagyl Will Alli Be Available Again Soon cialis 5 mg best price usa Viagra En Generique Viagra Rezeptfrei Nurnberg

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 12:09
Levitra Generic 10mg viagra Zithromax Dosage For Std

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930