» » жаппай кәсіпкерлікті дамыту өңір экономикасына серпін береді

жаппай кәсіпкерлікті дамыту өңір экономикасына серпін береді

Кеше облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің және облыстық Қоғамдық кеңестің бірлескен кеңейтілген отырысы өтті. Алдымен мәжіліске модераторлық жасаған Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов облыс әкімінің Қоғамдық кеңес алдындағы 2017 жылғы есебі жоғары бағаланғанын атап өтіп, қатысушыларды күн тәртібіндегі екі мәселемен таныстырды. Мұнан кейін алғашқы мәселе бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспары жайында баяндама жасады.Осыған дейін аймақ басшысы жетекші партия филиалының саяси кеңесі мен облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп беріп келсе, биыл олардың қатарын облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат толықтырып отыр. Басқосуда Қырымбек Көшербаев жылдық есеппен шектелмей, Сыр елінде соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды кеңінен тарқатты. Сондай-ақ, ол алдағы атқарылатын тиісті жұмыстарды сараптап, өзекті мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп талқылауды ұсынды.
– Бес жыл бұрын Мемлекет басшысы ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындаған Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын жариялаған болатын. Осы стратегияға сүйене отырып, біз Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі дамуының басым бағыттарын айқындадық. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде жыл сайын облыс әкімінің іс-қимыл жоспары бекітіледі. Аймақтағы барлық мемлекеттік орган соның негізінде жұмыс істейді, – деді Қырымбек Көшербаев.
Индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру міндетін орындау 2013 жылдан бері Сыр елінде серпін алып келеді. Тек мұнай мен уран өндіруде ғана жоспарға сай өнімге қол жеткізе алмадық. Алайда, бұл кемшіліктің орнын толтыру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде басқа салаларда оң динамика қалыптасты. 8 мемлекеттік, 5 үкіметтік бағдарлама толықтай жүзеге асты.
Соңғы 5 жылда облыста 50-ден астам өнеркәсіп нысаны бой көтерсе, оның 16-сы – орта және ірі кәсіпорындар. Биылдың өзінде шыны, тампонажды цемент, үш окись молибден өндірісі іске қосылады. Мұнан бөлек, жаңа технологияға негізделген, экспортқа бағытталған бірқатар зауыт құрылысын бастау жоспарда бар.
Республиканың басқа өңірлеріне қарағанда Сыр елінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларын дамытуға қыруар қаржы бөлінеді. Соңғы 5 жылда 200-ден астам әлеуметтік нысан өз жұмысын бастады.
Экономиканы нығайтумен қатар жұмыссыздық мәселесін шешудің ең тиімді жолы – кәсіпкерлік саласын дамыту. Мемлекеттің аталған саланы дамытуға қыруар қаржы бөлетіні де сондықтан. Осы орайда есепті кезеңде аймақта кәсіпкерлікпен қамтылғандар үлесі 22 пайыздан 26 пайызға, ал жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы жылы 5,2 пайызға жоғарылады. Басқосуда аймақ басшысы биыл Сыр елі үшін Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялауды ұсынып, шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 14 пайыздан 45-50 пайызға жеткізу керектігін айтты.
– Болашағымыз аталған саламен тығыз байланысты екенін жақсы түсінеміз. Оның үстіне, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған 60 мыңға жуық адамды рәсімдеу міндетіміз тағы бар. Соңғы жарты жылдың өзінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 16 мыңнан астам адамды есепке алдық. Біз бұл нәтижелермен тоқтап қалмаймыз. Біздің мақсат – шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 14 пайыздан 45-50 пайызға жеткізу. Бұл бағытта табанды әрі нәтижелі жұмыс істеуге міндеттіміз. Сондықтан 2018 жылды облыста Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялауды ұсынамын, – деді аймақ басшысы.
Жиында білім беру, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы салаларындағы жетістіктер, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалу барысы да назардан тыс қалған жоқ. Былтыр апатты жағдайдағы үй, мектеп, аурухана мәселесі толықтай өз шешімін тапқан еді. Алдағы уақытта осындай жағдайдағы 20 пәтердің мәселесін шешу күн тәртібінде тұр. Біздің ауданға қарасты Шәменов ауылындағы №34 мектепті жерасты суының көтерілуіне байланысты толық жөндеу, Жалағаш кентінде аудандық аурухана салу қажеттілігі туындап отыр. Мәжілісте Қырымбек Көшербаев Қармақшы, Сырдария және Жалағаш аудандарының орталықтары жыл соңына дейін газға қосылатынын жеткізді.
Облыс әкімінің баяндамасынан кейін кеңес мүшелері өз пікірлерін білдірді. Ал, облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Наурызбай Байқадамов өткен жылы өңір басшысының қолдауымен депутаттық корпус ұсыныстарының тең жартысына жуығы өзектілігі мен кезектілігіне сәйкес шешілгенін айтты. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, қоғамдық кеңес мүшесі Нұрмұрат Ерманов мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шараларына, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, қоғамдық кеңес мүшесі Әлима Әбдіхалықова білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге тоқталып, аймақ басшысының еңбегін жоғары бағалады.
Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов кеңестің өткен жылғы жұмысын саралады.Кеңейтілген отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің есебі негізінде қарар қабылданды. Кеңес мүшелері облыс әкімінің 2017 жылғы қызметіне оң баға беріп, 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспарын да мақұлдады.
Екінші мәселе бойынша, яғни 2018 жылды облыс бойынша Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялау туралы облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким баяндама жасады. Оның айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында аймақта атқарылып жатқан жұмыстар әлі де ширатуды талап етеді. Аталған мәселеге байланысты облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов та қарап қалған жоқ. Оның айтуынша биыл 800 азаматты «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында оқыту жоспарлануда.
Жиын соңында кеңес мүшелерінің мақұлдауымен 2018 жыл облыс бойынша Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды. Осылайша күн тәртібіндегі екі мәселе де қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
К.БАЛҒАБАЙ.
13 ақпан 2018 ж. 1 031 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 16:09
Buy Doxycycline Hyclate canadian pharmacy cialis 20mg Viagra Delivered Overnight Amoxicillin 875 Mg

Гость Jeaplause от 8 наурыз 2019 07:16
Meds On Line No Prescribtion Kamagra Orale Buy Gelatina buy generic cialis Propecia Sell Viagra Scaduto Conseguenze Mediche Levitra Eccipienti

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930