Қырымбек Көшербаев славян этносының белсенді өкілдерін марапаттады Қызылорда облысында славян ұлысының 15 мыңнан астам өкілі тұрады. Олардың дені еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан «Славяне» қоғамдық мәдени бірлестігінің белсенді мүшелері болып табылады. 20 қаңтар күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен қоғамдық бірлестіктің 20 жылдық мерекесі аталып өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.Мерекелік шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесші уәкілі Александр Мусиенко, Ресейлік отандастардың Қазақстан Республикасындағы үйлестіру кеңесінің төрағасы Всеволод Лукашов, бірлестіктің ардагерлері мен жастары, өзге де этномәдени бірлестік өкілдері, қатысты. Салтанатты мерекеде бірлестіктің белсенді мүшелері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ шарада Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева, Ресейдің Қазақстандағы Елшілігінің кеңесші уәкілі Александр Мусиенко, Ресейлік отандастардың Қазақстандағы үйлестіру кеңесінің төрағасы Всеволод Лукашов құттықтау сөз сөйлеп, бірлестік өкілдеріне Құрмет грамоталарын табыстады.Айта кету керек, «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы 1997 жылдың 16 шілдесінде құрылды. Осыдан 20 жыл бұрын шаңырақ көтерген бірлестік аталған жылдар ішінде еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Бірлестіктің алғашқы төрайымы Литвинова Нелли Трофимовна болатын. 1998 жылдан бастап Щербакова Галина Сергеевна басқарып, орталықты жұмысын жүйеледі. Бүгінгі күні Сыр елінде славян ұлысының 15571 өкілі бар. Олардың белсенділері үнемі бас қосып, мәдени салт-дәстүрді жаңғыртуға атсалысып, бабадан қалған бай мұраларын сақтап қалуға барын салып келеді.Мерекелік кеш аясында Ақтөбе, Шымкент қалаларынан келген қонақтар жиналған жұртшылыққа әсем әнін тарту етті. Славян халқының ұлттық биі мен әндері орындалып, Сыр өнерпаздары мерекеге орай өз өнерлерін ортаға салды. Жаңалықтар 22 қаңтар 2018 ж. 1 042 0