БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ
Қазақстан – әлемдегісаяситұрақтылығыбекемелдердіңбірі. Біздіңеліміздесаналуанұлттыңөкілдерітатулықпенбейбітшіліктіңтуынберікұстап, өзараәлемдікдамудыңкөшбасшысыболуғаұмтылыпкеледі.
Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге ұлт өкілдері Қазақстанды достық пен татулықтың шынайы мекені деп қабылдап, бір үйдің баласындай ұйысып, жатсынған емес. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда әрбір ұлт өкілі үлес қосып отыр. Қазақ халқының кеңдігіне, қонақжайлылығына риза болған өзге ұлт өкілдері Қазақстанды ортақ Отанымыз деп санайды. Себебі, жері кең, көңілі дархан ел оларға өз Отанынан артық болмаса, кем емес. 130-дан астам ұлт өкілі мекен ететін егемен ел өз береке-бірлігімен, тату-тәтті өмірімен көпке өнеге десек те артық айтқандық емес. Біздің ауданда да 355 өзге ұлт өкілі тұрады. Олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста, жақсы қарым-қатынаста күн кешіп отыр. Оған дәлел, «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің нәтижелі жұмысы.
Өткен аптада «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігі мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдерімен қорытынды жиын өтті. Басқосуда алғаш сөз алған «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман ұлт бірлігі ел келешегін кемелдендіретінін жеткізді.
– Жыл бойы өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен түрлі шаралар өткіздік. Жақсы нәтижеге жеткенімізге қуаныштымын. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысының нәтижесінде этносаралық тұрақтылық қалыптасты. Құрылғанына 22 жылдан асқан Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырып, тарихтың, мәдениет пен тілдің тұтастығы бағытында өз орнын айқындап, ел аманатын арқалап келеді. Соның арқасында бейбіт те берік достықтың негізін қалап, берекелі өмір сүріп отырмыз. Сіздермен өткен әрбір жиынның, әрбір шараның маңызы зор. Биылғы жылы біраз игілікті шараларды өткізіп, жемісті еңбек еттік деп ойлаймын, – деді Дина Нұржанқызы.
Бұдан әрі, жиында өзге ұлт өкілдері сөз алып, бірлестіктің нәтижелі жұмысына ризашылықтарын білдірді. Сонымен бірге, алдағы жылы атқарылатын жұмыстарды саралап, әр ұлттың өнерін дамыту, таныту мақсатында ансамбл құрылса деген ұсыныстарын жеткізді.
Шара соңында бірқатар өзге ұлт өкілі, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің қызметкері Маханбет Ахметов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Мырзабек Жанқуанышев облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-ның директоры У.Ибраевтың, аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың және «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Мирманның «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Мұнан бөлек, №31 мектеп-гимназиясының оқушылары түрлі ұлт өкілдерінің биін биледі. Өнерпаздарға бірлестіктің атынан жаңа жылдық сыйлықтар үлестірді.

Н.АЛМАС.