» » ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ


Аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы бүгін «Айбибі» салтанат сарайында аудан жастарының бастамасымен ерекше жағдайдағы балалардың Жаңа жылдық шыршасына ұласты. Мерекелік шараның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов алып, барша жұртшылықты және балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ауданның ағымдағы жылғы білім саласындағы жетістіктеріне тоқталып, Жаңа жыл әрдайым жақсылығымен келсін деп өз тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, салтанатты шарада кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев, ата-ана Х.Алмазова сөз алып, бүлдіршіндерді Жаңа жылдарымен құттықтады. Кеш барысында әуелете ән шырқалып, шараға қатысушылар өз өнерлерін Аяз Ата мен Қаршақызға көрсетіп, түрлі сыйлықтарға ие болды. Шыршаны айнала билеген бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Жаңа жылдық шырша аясында салтанатты дастархан жайылды. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан 100-ден астам балаларға тәтті-дәмділер үлестіріліп, әр бала сыйлыққа ие болды. 
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі 200 балаға сыйлықтар таратылатын болады. Ерекше жағдайдағы балалардың Жаңа жылдық шыршасына қолдау білдіріп, қол ұшын созған барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 429 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 439

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930