Жалағашта Жаңа жыл шыршасы жағылды

Аудан орталығынан орын алған мерекелік әсем шыршаның шамын облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, №38 А.Бисенов атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Ж.Бекболат және жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатында найза лақтырудан 2 дүркін жеңімпаз, Қазақстан Республикасы чемпионатының Қысқы ойындарының қола жүлдегері №202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы А.Қайратұлы жақты.
Салтанатты шараға қатысқан көпшілік қауымға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем әуенге бөледі.