» » » ӘКЕ МӘРТЕБЕСІ ҚАШАН ДА ЖОҒАРЫ

ӘКЕ МӘРТЕБЕСІ ҚАШАН ДА ЖОҒАРЫ


Халық салт-дәстүрін жалғап, құндылықтарын жоғалтпау үшін сондай-ақ, қазіргі отбасында әке мәртебесін көтеру, бала алдында оның салмақты, жанұяның басшысы ретіндегі бейнесін қалыптастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудандық фи¬лиалының бастамасымен тәр¬биелік мәні бар түрлі шаралар өткізіліп келеді. Соның жалғасы ретінде, жуырда аудан орталығындағы іргелі білім ошақтарының бірі – №201 мек¬теп-лицейде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен мектеп-лицей әкімшілігінің ұй¬ым¬дастыруымен «Оқу-тәр¬бие үдерісінде «Мәңгілік ел» иде¬я¬сын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында әкелердің оқу-тәрбие жұмыстарына деген бел¬сенділігін анықтау мен бала тәр¬биесіндегі жауапкершілігін кө¬теру үшін апталық өтті. Онда ашық сабақтар, психологиялық тренингтер, тәрбие сағаттары мен сайыстар ұйымдастырылды. Ал, 22 желтоқсан күні «Әке – өмірдің алтын діңгегі» тақырыбында ашық есік күні, «Мен және менің әкем» атты отбасылық сайыс, оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарын ұғындыратын «Өзін-өзі тану» пәнінен «Ата-анаң – алтын тұғырың» тақырыбында ашық сабақ пен «Әке – асқар тау» тақырыбында топтық жұмыстар өтті. Апта бойы жалғасқан шараларға ер азаматтар белсенді қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетті. Қорытынды жиындарға облыстық «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есенжол Назаров, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева және «Шапағат» әкелер одағының мүшелері мен белсенді әкелер қатысты. Үлгілі, белсенді әкелер арнайы «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық деңгейдегі марапаттарына ие болды.
Айта кету керек, №201 мектеп-лицейде бірнеше жылдан бері «Шапағат» әкелер одағы құрылып, игі жұмыстар атқарып келеді. Отбасында әкенің рөлін арттыруда, бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін сезіндіруде, мектепте әкелерге кеңес беру жұмыстарын ұйым¬дастырып, көпшілікке үлгі болып жүр. Әкелер одағына 1 мен 11-ші сынып оқушыларының әкелері ерікті түрде тартылған. Төрағасы – Жомарт Әбжаппаров. Әкелер оқу жылы басында жылдық жос¬пармен танысады және жос¬пар жасау барысында өздерінің ұсыныстарын айтып, мектептің білім беру дағдысына өз үлестерін қосып келеді.

Нұр НАУАН.

28 желтоқсан 2017 ж. 2 355 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031