Цифрландыру қажет

«Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Жолдау мен реформаны жан-жақты түсіндіру, талқылау, ой-пікір алмасу ұсыныстар әзірлеу үшін осындай насихаттық кездесулердің жұмысы маңызды екенін атап өтті. Және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі осындай түсіндіру жұмыстары дей келе «Жолдаудағы көрсетілген бағыттар әрқайсыға қатысты тікелей тапсырма деп қабылдауды, жалпы халықтық талқылауға салынған реформаларға белсенділік таныту, Президент Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерін атап оны орындауды және түсіністікпен қарау әрбір теміржолшының қосқан үлесі деп білеміз», деді.
«Белгі беру және байланыс дистанциясы» БПҰ төрағасы Әкімжан Қосанов теміржолшылар тарапынан Елбасы бастамасының табысты жүзеге асатынына сенетіндерін, Қазақстан Республикасы Конституциясына ұсынылған толықтырулар мен өзгерістерді толық қолдайтындарын және ерекше азаматтық жауапкершілікпен қарайтындарын білдірді. Жиынға қатысушылар цифраландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәскеге қабілеттілігін, халықтың өмір сапасын арттыру үшін қажет деген тұжырым жасап тарқасты.
Пікір 2