» » ЭКСПО-да ұсынылған технологиялар қолданысқа енгізіледі

ЭКСПО-да ұсынылған технологиялар қолданысқа енгізіледі

ЭКСПО көрмесiнiң халықаралық павильондарында ұсынылған технологияларды Қазақстанда қолдану мүмкiндiгi қарастырылуда. Бұл туралы Үкiмет отырысы барысында ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi 2018 жылы ұялы телефондарды тегiн қуаттауға арналған автономдық стансаны iске қоспақ.
«Энергетика министрлiгi ЭКСПО көрмесiнiң халықаралық павильондарында ұсынылған технологияларды Қазақстанда қолдану мүмкiндiгiн қарастыруда. Мәселен, менiң бұйрығыммен құрылған сарапшылық топ ЭКСПО көрмесiнде таныстырылған 105 шетелдiк және 28 отандық технологияны iрiктеп алды. Бұл тiзiм әкiмдiктерге, ұлттық және жекеменшiк компанияларға технологияларды iрiктеп, қарастыру үшiн жөнелтiлдi», - дедi Бозымбаев.
Министрдiң айтуынша, қазiргi таңда әкiмдiктер 40 технологияны iрiктеп алды, олардың төртеуi 2018 жылы енгiзiледi. Ал, ұлттық компаниялар 15 технологияны iрiктедi, олардың екеуi келесi жылы енгiзiлмек.
«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi 2018 жылы ұялы телефондарды тегiн қуаттауға арналған автономдық станса жобасын енгiзудi жоспарлап отыр. Аталған қытай технологиясы электр энергиясының шығынын азайтып, қоршаған ортаға залалды азайтады. Қазiргi таңда әкiмдiк қытайлық компаниямен құрал-жабдықты жеткiзу бойынша келiсiмге келдi», - дедi Қанат Бозымбаев.
Министрдiң мәлiметiнше, әкiмдiктер сондай-ақ, «экология» бағыты бойынша тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдық суды тазалау, ауа сапасын бақылау, қалдықтарды реттеу бойынша 10 жобаны iрiктеп алды. Қарағанды қаласында қоқыс өңдеу зауытын салу жобасының шаралар жоспары бекiтiлдi. 2018 жылы аталған фин технологиясын енгiзу көзделiп отыр.
«Жобаларды iрiктеп алған компаниялар мен әкiмдiктер жол карталарын әзiрлеп, бекiттi. Таңдалған жобалар қатарында мұнай және газ, көмiр өнеркәсiбi, электр энергетикасы, энергия үнемдеу, экология, суды тазарту мен басқа да саладағы технологиялар бар. Елiмiздiң бiрқатар облысы ЭКСПО технологияларын енгiзу жұмысында белсендiлiк танытып отыр», - деп түйiндедi министр.

Қымбат Елтай
26 желтоқсан 2017 ж. 1 216 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930