» » Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет – Қанат Бозымбаев

Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет – Қанат Бозымбаев


Министрдің айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселені арнайы жұмыс тобы қарастырып жатыр.
«Менің пікірімше, Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет. Қазіргі таңда бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Зауытты салу бір жылдың жұмысы емес. Жанар-жағармай материалдарына сұраныс артуда. Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 2022 жылы мұнай өнімдерінің импортын өсіру қажет болады. Осы уақытқа дейін төртінші зауытты салып үлгерген жөн. Артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға қолданыстағы үш зауыттың қуаты жетпейді», - деді Энергетика министрі.
Интервью барысында Қанат Бозымбаев алдағы жылы жаңа мұнай өңдеу зауытының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жоспарланып отырғанын атап өтті. Министрдің сөзінше, 2019 жылы инвесторларды тарта отырып, аталған зауыттың құрылысын бастау жоспарда бар.
Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Олар Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан.
03 қаңтар 2018 ж. 1 146 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031