» » Қазақстанда газ бағасы бекітілді

Қазақстанда газ бағасы бекітілді


Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газдың шекті көтерме бағасы 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Энергетика министрлігі мәлім еткендей, шекті бағаны айқындау қағидаларына сәйкес сұйытылған мұнай газдың бағасы тоннасына 52 538,27 теңгені құрауы тиіс еді. Алайда, министрлік ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіткен деңгейінде ұстап тұруда. Осыған байланысты, газдың шекті көтерме бағасы 38,701 теңгені құрады.

Бағаның өсуі әлемдік бағаларының өсуінен туындаған, өйткені сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы халықаралық нарықта баға белгіленімдеріне тәуелді.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Энергетика Министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша сұйытылған мұнай газына тоқсан сайын шекті көтерме бағаны бекітеді. Ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Сондай-ақ, газ желісі ұйымдарымен ұсынатын өтінімдер негізінде Энергетика министрлігі ай сайын сұйытылған мұнай газ беру жоспарын бекітіп отырады.
09 қаңтар 2018 ж. 1 457 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930