Биыл Қазақстанда ет қаншаға қымбаттады?
Желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында сиыр етінің бағасы бір айда - 1,4%, ал өзге ет түрлері 1%-ға қымбаттады. Жалпы бір жыл ішінде сиыр етінің бағасы - 17%, қой етінің бағасы - 14%, жылқы мен шошқа еті 9-10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір жылда «ақ» етті (құс еті) өндіру көлемі 8%-ға артса, «қызыл» етті өндіру көлемі керісінше 13%-ға төмендеді. ҚР 10 ай қорытындысына сәйкес, 197,6 мың тонна ет пен етті тағамдар өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға көп.
Әдеттегідей Алматы облысы етті басқа аймақтарға қарағанда көп өндірген - 55,8 мың тонна. Бұл жалпы өнімнің 28%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз. Аталған аймақта шошқа бағатын «Бекон» зауыты мен құс асырайтын «Казрос-Бройлер», «Когер ЛТД», «Алель Агро», «Алатау-Құс», консервіленген ет әзірлейтін «Первомайские Деликатесы» сынды кәсіпорындар жұмыс істейді.
Мұнымен қатар, үздік үштікке ШҚО (бір жылда 37,1 мың тонна, +16,6%) және Ақмола облысы (18,8 мың тонна, +41,2%) кіреді. Мүйізді ірі қара, шошқа, қой, қозы және жылқының тың және мұздатылған етін өндіру 13,2%-ға дейін төмендеді. Бұл дегеніңіз – 60,8 мың тонна.
Осы тұста керісінше құс етін өндіру 7,9%-ға, 42,4 мың тоннаға артқан. Ет, субөнімнен консервіленген және дайын тағамдарды өндіру көлемі 1,2%-ға, 48,2 мың тоннаға артты.
10 ай қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпкерлер ет пен құс етіне, етті субөнімдерге деген сұранысты 83,5%-ға орындады. Импорт үлесі 16,5%-ға ұлғайып, өткен жылмен салыстырғанда 14,9%-ға, ал жалпы импорт көлемі 19,2%-ға өсті.
2017 жылдың қаңтар-қазан айларында экспорт көлемі керісінше 24,9%-ға, 7 мың тоннаға дейін қысқарды. ҚР АШМ мәліметінше, 1 қаңтар мен 30 қараша аралығында Қазақстан 11,1 тонна ет экспорттады. Осы экспортталған еттің 53,6%-ы «қызыл» етке, қалған 46,4%-ы «ақ» (құс еті) етке тиесілі. Ең көп ОҚО (2,9 мың тонна), БҚО және Алматы облысы (1,9 мың тонна) ет экспорттады.
Желтоқсан айында ҚР базарлары мен дүкендерінде ет килограмының бағасы 1,4 мың теңге (бір жыл ішінде +14,2%), дәлірек шошқа еті – 1,2 мың теңге (бір жыл ішінде +10,1%), жылқы еті – 1,6 мың теңге (+9,2%), сиыр еті – 1,4 мың теңге (+16,6%) қымбаттады.
Сиыр бауыры 14,1%-ға, килограмы 849,6 теңгеге, тауық еті - 5%-ға, килограмы 750,3 теңгеге, тауық саны - 10,3%-ға, килограмы 666,5 теңгеге қымбаттады. Шошқаның қыртыс майы айтарлықтай қымбатаған (бір жылда 12,2%-ға, 1,4 мың теңгеге). Пісірілген шұжық 7,8%-ға, 1,6 мың теңгеге, ал кептірілген шұжық 6,3%-ға, 1,8 мың теңгеге қымбаттады
Пікір 2