ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев аудандық қоғамдық кеңестің алдында есеп берді. Жалағаш аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері, бөлім басшылары қатысқан кеңес отырысында Жалағаш ауданы әкімінің қоғамдық кеңес алдындағы есебі тыңдалды. Кездесу барысында аудан әкімі 2017 жылғы атқарылған жұмыстар және ағымдағы жылы атқарылатын бірқатар ауқымды жобаларға тоқталып өтті. Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, жеке кәсіпкер О.Ахметов сөз алып, кеңес мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың есебіне оң баға берілді. Жаңалықтар 11 қаңтар 2018 ж. 1 825 0