СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Әдістемелік семинарға кент және ауылдық округ әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің заңгерлері, мемлекеттік сатып алу жұмыстарымен айналысатын мамандары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Әдістемелік семинарды аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов ашып, жүргізіп отырды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы кеңінен айтып өткен аудан әкімінің орынбасары алда тұрған мақсат-міндеттерді атап өтті. Сонымен бірге, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы О.Ержанов баяндама жасап, арнайы әзірленген слайдты көрсетті. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізудегі өзгерістер қағаз айналымын азайтатынын және еңбек өнімділігін арттыратынын жеткізді. Құқықтың кеңестер беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әдістемелік семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дәуітбекұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізген облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының өкілдеріне алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.