» » МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Діни іс-шарада алғашқы болып сөз алған Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады. Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев, «Иманқұл»мешітінің бас имамы А.Мадиев сөз алып, Мәуліт мерекесінің маңыздылығына тоқталды.
Мәуліт мерекесінде Алла тағаланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың қарапайымдығы мен ұлылығын насихаттайтын ғибраттық әңгімелер, Құран сүрелерін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуіне байланысты түскен аяттар оқылды. Әсіресе, имандылық жолында сан мыңдаған қиындықтардан жол тауып шығатын, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін бейнероликтер, уағыздар тыңдаушының рухани тынығып, ой топшылауына ықпал етті.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 299 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930