» » » МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ


– Адам адал жолдан адаспау үшін иманды болуы керек. Ал имандылық үшін Исламның хақ жолын түсініп, жас ұрпақ санасына оның құндылықтарын сіңіре білуі керек. Өкінішке орай, сақалын өсіріп, балағын қысқартып, салт-дәстүріміз бен дінімізге селкеу түсіріп жүрген жас¬тар баршылық. Өзге діни ағымның жетегінде адасып жүрген ондай жастардан сақ болуымыз керек. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тегіміз – түркі, дініміз – ислам екенін ешқашан ұмытпау керек» деп Исламның хақ дін екенін айтып келеді. Болашаққа берік бақытымыз, нық қадамымыз имандылық арқылы жасалса, онда тәуелсіздігімізде баянды болары сөзсіз, – дей келіп, аудан басшысы кент орталығында өз қаржысына жаңадан мешіт құрылысын салып жатқан жерлесіміз, кәсіпкер Ерлан Сағынбаевтың сауап ісін өзгелерге үлгі етіп, ризашылығын білдірді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төра¬ғасы Садық Алиев, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев, ардагер Ерім Төлепбаев, Бұқарбай батыр ауылындағы мешіттің бас имамы Бақытжан Ермахановтар Мәуліт мере¬кесімен құттықтап, елге тыныштық, береке, бірлік тіледі.
Мәуліт мерекесінде өмірдің қиын¬дықтары мен қатыгездіктеріне мойымай, ғұмырын адамдарға жақсылық жасау мен Исламның игі жолына арнаған Алла тағаланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыздың дүниеге келуіне байланысты аяттар және қарапайымдылығы мен ұлылығын насихаттайтын ғибратты әңгімелер, құран сүрелері оқылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туралы ақпаратқа қанық болып, Алланың атына салауат айтылған мереке соңында Таң ауылының бас имамы Рүстем Жарасбаев әруақтарға құран бағыштап, батасын берді.

Серік БЕРТАЕВ.
01 қаңтар 2018 ж. 1 389 0