» » Мұхтар Құл-Мұхаммед: Ендігі міндетіміз – Елбасы қамқорлығынан тұратын Жолдауды халыққа жеткізу

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Ендігі міндетіміз – Елбасы қамқорлығынан тұратын Жолдауды халыққа жеткізу


Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жаңа Жолдаудың Қазақстанның жүйелі жаңғырудағы 10 басым бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат екенін айтты.

Қазақстандық индустрияны, агроөнеркәсіптік кешенді және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды цифрландыру, тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық секторға жаңа технологияларды енгізу Елбасы ұсынған елді дамытудың негізгі векторы болып табылады. Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткендей, мұның барлығы Қазақстанның жаңа әлемдегі жетекші елдердің қатарына қосылуы үшін қажет.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, Президент дәстүрге сай биыл да әлеуметтік даму мәселелеріне зор көңіл бөліп, адам капиталын қазақстандық жаңғырудың жүйелі үштағанының негізі ретінде белгіледі.

«Елбасымыздың Жолдауында елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгіленген. Біздің ендігі міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өмірі, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қамқорлығынан тұратын Жолдаудың мазмұнын барша халыққа жеткізу», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысына елдегі жетекші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Коалиция мүшелері Мемлекет басшысының жаңа Жолдауына байланысты өз ойларын ортаға салып, пікірлерін бөлісті. Нәтижесінде Жолдауға қолдау білдірген, еліміздің барша азаматын жылдың басты құжатын талқылау және түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырған Үндеу қабылданды.

Айта кетейік, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған. Ол 5 саяси партияның және 24 ірі қоғамдық бірлестіктің басын біріктіріп, 6,5 млн қазақстандықтың мүддесін қорғайды. Сондай-ақ, Коалиция елімізде болған кез келген саяси оқиға мен стратегиялық маңызы бар бастамаларға қатысты бірден өз пікірін білдіріп, әртүрлі ұсынысын жолдап отырады.

Ержан Жаубай
12 қаңтар 2018 ж. 1 094 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 787

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031