» » » Нұрлан Нығматулин: Елбасы Жолдауы – жаңа тарихи дәуірдің бастауы

Нұрлан Нығматулин: Елбасы Жолдауы – жаңа тарихи дәуірдің бастауы


Соның нәтижесінде егемен еліміз әрқашанда жаңа биіктерді ба­­ғын­дырып, бүгінгі күні «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын қа­был­даған, ең дамы­ған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мемлекетке айналды. Енді осы ұлы мақсаттарға жетудің жаңа тарихи дәуірі басталды. Елбасымыз халыққа «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жария­лап, өнеркәсіптік революция әлеміне бейім­делудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті.
Оның ішінде ең алдымен индус­трия­ландыруға, әсіресе кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға, кешен­ді ақпараттық-технологиялық платфор­маларды белсенді түрде енгі­зуге, «Ақылды технологиялар» арқылы аг­­рар­лық ғылымды дамытуға, көлік-логис­тика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуге, қаржы секторын қайта жаңғыртуға айрықша назар аударылып отыр.
Сондай-ақ Елбасының биылғы Жолдауында әр жылда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді. Онда жастарды жаңа техно­ло­гиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсет­кіштері айқын­далды. Осы ретте Елбасы білім бе­ру мекемелері ара­сында бәсе­келес­тікті арттырып, жеке капи­талды тарту үшін қала мектеп­терінде жан басына қа­тыс­­ты қаржыландыру жүйесі енгі­зі­­летінін ерекше атап өтіп, аза­мат­тарды әлеуметтік қар­жылай қол­даудың басым бағыт­тарына тоқталды.
Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып қазақ тілінің өр­кен­деуіне, рухани жаңғыруға, халықтың ден­сау­лығын нығайтуға баса назар аударғаны – Пре­зи­дентіміздің халқының бар қадір-қасие­тін бо­йына жинаған ұлттық рухын көрсетті. Сонымен бірге алдағыны болжап, ертеңгісін де оза ойлайтын, барша қа­зақ­стандықтарды, бүкіл мемлекетті әлем­дік өркениетке жетелейтін, көреген көш­басшы, саяси қайраткер, тарихи тұлға екен­дігін тағы бір дәлелдеді.
Сондықтан Елбасының биылғы Жол­дауы – заманға сай тарихи өр­леу дәуіріне бас­тайтын, барша қазақстандықтарды ор­тақ мақсат жолында жұмылдыратын, әр­бір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қада­мы­мызды айқындайтын өте маңызды құжат. Оны жүзеге асыру әрқайсымызға, соның ішінде біздің Парламент депутаттарына зор жауапкершілік жүктейді. Оны абыроймен атқару баршамыздың абыройлы міндетіміз.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Парламент Мәжілісінің Төрағасы.
11 қаңтар 2018 ж. 1 178 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930