Мемлекет басшысына 4 елдің елшісі сенім грамотасын тапсырды
Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Рәсім барысында Елбасыға Қазақстандағы Швед Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Матс Фойер, Куба Ресбуликасының төтенше және өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупо, Үндістан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі, Прабхат Кумар, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның төтенше және өкілетті елшісі Майкл Джон Гиффорд сенім грамоталарын тапсырды.
Сонымен қатар шараға ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңешісі Нұрлан Онжанов қатысты.
Алдымен Қазақстан президенті шетелдік елшілердің жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Бүгін сіздердің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңыз ресми түрде басталады. Осы айтулы күнге орай баршаңызды жаңа қызметтеріңізбен құттықтаймын. Жауапты әрі мәртебелі миссияларыңызда елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға серпін тигізеді деп сенемін. Сіздердің жұмыстарыңыз қызықты және жауапты кезеңге тұспа-тұс келіп отыр», - деді ол.
Сонымен қатар Елбасы еліміздің шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін айтып, елімізде маңызды саяси реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Бүгінде әлем жаһандық өзгерістер қарсаңына түсті. Жаңа технологиялар әлем елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін, адамның өмірін өзгертеді. Сондықтан кеше Қазақстан халықына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымды жарияладым. Мен экономиканы, әлеуметтік саланы, сондай-ақ мемлекеттік басқару ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша нақты міндет қойдым. Бұл міндеттерді шешу заманауи технологияларды пайдалануды көздейді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның айтуынша, бұл шаралар Қазақстанды озық дамыған 30 елдің қатарын қосылуға септігін тигізеді. Кейін Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара саяси іс-қимылдың жанданғанына назар аударды.
«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, көп векторлы сыртқы саясат жүрзігіп келеді. Бұл халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесімен ынтамақтастық бағытындағы диалогты орнатуға бағытталған. Ұлыбритания әлемдегі маңызды әріптесіміздің бірі екені сөзсіз. Екі елдің ынтамақтастықтығы өзара құрмет пен сенімге негізделген. Бүгінде Ұлыбритания Қазақстанның ірі инвесторларының бірі болып саналады. Менің 2015 жылғы Ұлыбританияға сапарым жемісті ықпалдастықпен екі елдің қарым-қатынасына тың серпін берді», - деді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Швециямен көп салалы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін, Үндістанмен іс-қимыл өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделгенін атап өтті.
«Швеция Корольдігі парламентінің төрағасы Урбан Алиннің Қазақстанға сапары өткен жылдың маңызды оқиғасына айналды. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырып екіжақты сауда-саттықтың көлемін арттыруымыз қажет. Біз Үндістанға Қазақстанның маңызды сыртқы саяси, сауда серіктесі ретінде қараймыз. Елдеріміз халықаралық ұйымдар арасында өзара белсенді іс-қимыл жасап келеді. Үндістанның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына толық мүшесі болғанына қуаныштымыз. Елдеріміз бұл ұйымның жұмысына тың серпін беріп, мәртебесін арттырады деп сенеміз», - деді ол.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті Кубамен де қарым-қатынасымыздың дамып келе жатқанына тоқталды.
«Қазақстан Куба мемлекетімен екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі. Соңғы жылдары Қазақстан-Куба қарым-қатынастары айтарлықтай жанданып келе жатыр. Мен 2017 жылдың сәуірінде алғаш рет Кубаға ресми сапармен бардым. Куба басшылығымен өткен келіссөздер барысында біз екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын анықтадық. Елдеріміздің сауда экономикалық саяси ынтамақтастығын нығайту үшін нақты жұмыстарды жалғастыру қажет», - деді Елбасы.
Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы жауапты дипломатиялық қызметтерінің басталуымен тағы да құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Дәурен ЕРБОЛАТ
Пікір 1