» » Қазақстандықтарға Рождество мерекесіне демалыс күні беріле ме?

Қазақстандықтарға Рождество мерекесіне демалыс күні беріле ме?


Жылда 7 қаңтар күні тойланатын православиелік Рождество Христово мерекесі 2018 жылы жексенбіге келіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға сәйкес, мереке күні демалыс күндеріне сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс беріледі. Алайда, 7 қаңтар Рождество мерекесі мен Құрбан айттың бірінші күні бұл заңдағы ұлттық немесе мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейді. Сондықтан, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылмайды. Өз кезегінде, "мерекелік күндер" ұғымына Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің күндері кіреді. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға сәйкес, ұлттық мерекелер - Қазақстан Республикасында елеулі оқиғаларға арналған, тарихи мәні бар, Қазақстан мемлекеттігінің дамуына айтарлық ықпалы бар мерекелер, мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси мәні бар, Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін оқиғаларға арналған мерекелер.

Мемлекеттік мерекелер:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отанқорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Қазақстандықтардың 2018 жылы неше күн демалатыны және жұмыс күндеріне қандай мерекелік күндердің ауыстырылатыны туралы толығырақ мына жерде оқуға болады.

tengrinews.kz

07 қаңтар 2018 ж. 1 171 1

Гость Jeaplause от 8 наурыз 2019 16:23
Walgreens Otc Asthma Medicine Cialis Paypal France Zithromax Ebay levitra soft tabs Precio Viagra 100 Mg

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930