» » Волейболдан Қазақстан чемпионаты басталады

Волейболдан Қазақстан чемпионаты басталады

Қызылордада қыздар арасында волейболдан ҚР чемпионатын өткізу игі дәстүрге айналды. Ертең «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан 2004-2005 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталады.Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 16 команда, 250-дей спортшы қатысады.
Айтулы ел чемпионаты облыс бойынша екінші мәрте өткізілсе, республикада үшінші  мәрте ұйымдастырылуда. Былтырғы жылы Сыр елінде ҚР көктемгі чемпионаты өткізілген болатын.
Жарыс 5 қаңтар күні сағат 9.00-де басталады, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді. Чемпионаттың жеңімпаз және жүлдегер командалары 10 қаңтар күні белгілі болады.
05 қаңтар 2018 ж. 1 461 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031