» » АУДАН ХАЛҚЫН ҚАНДАЙ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП ТҰР?

АУДАН ХАЛҚЫН ҚАНДАЙ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП ТҰР?


Елбасының Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің ел алдындағы есеп беру жиындары өтіп жатқаны белгілі. Осы мақсатта Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев тұрғындармен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер төңірегінде баяндады.
Есеп беру жиынына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және облыстық басқарма, департамент басшылары, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлының сөзінше, ауданда есепті кезеңге өнеркәсіп өнімдерін өндіру 8,7 процентке артып, 4,1 млрд теңгені құраған. Бұл бағытта «АгроХолдингБайқоңыр» ЖШС 2017 жылы облыстың 47 шаруашылық құрылымдарымен 1745,3 млн теңгеге келісімшартқа отырып, нәтижелі жұмыс атқарған. Ауданның негізгі тіршілік тынысы – ауыл шаруашылығы. Осы тұрғыда өткен жылы 13896 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. Барлығы 35458 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған бол-са, негізгі күріш дақылы 22475 гектарға егіліп, одан 124286 тонна өнім алынған.
 
Ал, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алдағы жылды «Облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жариялап, бұл бағытта 32 млрд теңге қаржы бөлу қарастырылып отырғанын айтты.Ал, енді жиындағы басты жағымды жаңалықты атар болсақ, ауданды көгілдір отынмен қамтамасыз ету биылғы жылы жүзеге асырылатын болады. Аудан басшысының айтуынша, бұл жұмыс үшін облыстық бюджеттен бөлінген 132 млн теңгеге магистральдық желілер мен Жалағаш кентішілік желілер құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, қатты отынмен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар атқарылатын болады. Құрметті оқырман осы және басқа да өзгерістер мен жаңалықтардың мұнан әрі өрбуі аудандық "Жалағаш жаршысы" газетінің назарында болады. Сенбі күнгі нөмірді жіберіп алмаңыз!
25 қаңтар 2018 ж. 1 089 3

Гость Jeaplause от 11 ақпан 2019 00:41
Ed Drugs And India Sildenafil Pfizer 50 Mg order cialis online Pharmacycustomercare Achat Levitra En Fr Cephalexin And Birth Control

Гость Jeaplause от 2 наурыз 2019 19:56
Side Effect Of Keflex In Dogs Viagra Pfizer 100 cheap cialis online Dosage Of Amoxicillin Before Root Canal

Stevnoix от 8 мамыр 2019 00:57
Buy Generic Tadalafil Online Cheap Progesterone Website Ups With Free Shipping Kamagra Oral Jelly Quanto Prima cialis price Keflex Sinus Tout Sur Cialis20 Comparativa Cialis Y Viagra