АГРАРЛЫҚ САЛА – АУҚЫМДЫ САЛА Жалағаш ауданындағы Жаңаталап ауылдық округінде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев және ауылдық округ әкімі Қ.Әбдіқалықов тұрғындарға есеп берді. Жаңаталап ауылдық округінде 137 отбасы 862 халық есепте тұрады.Ауылдық округ бойынша ауылдық әкім аппараты, №119 орта мектеп, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, ФАП, балабақша, байланыс бөлімшесі, учаскелік полиция пункті, мешіт, ветеринариялық пункт, 2 сауда дүкені, шашта¬раз, ұста дәнекерлеуші, компьютерлік қызмет көрсету, массаж қызметі, ағаш, жиhаз жасау шеберханасы, так¬си қызметі, мақта және төрт түлік жүнін түтетін цех ауыл халқына тұрақты қызмет көрсетіп келеді.Ауыл экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, оның ішінде күріш дақылын өсіру. Шаруашылық құрылымдары бойынша 469 га күріш егіп, гектарына орта өнім 60 центнерден келіп, барлығы 26160 центнерден өнім жиналды.Елді мекендегі әрбір зейнет жасындағы кісілер мен мүгедектерге шаруашылық құрылымдарының демеушілігімен ақ күріш таратылды. 2017-2021 жылдарға арналған “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы бойынша 7 жоба жасалып, Атамекен кәсіпкерлік палатасы арқылы 7 адам «Бизнес кеңесші» оқу курсынан өтіп сертификат алды.Ауылдық округте жасөспірімдер арасында «Дзюдо» күресінен секция жұмыс жасайды.Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында авто қызмет көрсету орталығын, ауыл тұрғындарына 10 орындық монша қызметін, жеміс ағаштары бағын ашу, сүт өнімдерін өндіру биылғы жылдың еншісінде болмақ.Есепті кездесуге облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Сатлабаев, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасының Жалағаш аудандық филиалы директоры, ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жаңалықтар 16 қаңтар 2018 ж. 1 250 0