» » КӨШЕЛЕРГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ТРАНСФОРМАТОР ОРНАТЫЛДЫ

КӨШЕЛЕРГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ТРАНСФОРМАТОР ОРНАТЫЛДЫ


Жалағаш ауданындағы Еңбек ауылдық округінде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев және ауылдық округ әкімі Д.Алтынбаев тұрғындарға есеп берді. 
Еңбек ауылдық округінде 324 отбасы 2001 халық есепте тұрады.
Биылығы жылы аудандық бюджеттен қаржы қаралып, Мүсірәлі баба, Т.Дәуітбаев, Ғ.Мұратбаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, КТП 10/04 трансформаторы орнатылды. 
Абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 2 млн 115 мың теңге бөлініп, саябақ жасалып, оған жарық шамдар мен орындықтар орнатылды. Сонымен қатар, «Мүсірәлі баба» мешітіне «Еңбек Жер» ЖШС демеушілігімен бейнебақылау құрылғылары орнатылды. 
Биылғы жылы ауылдық округ бойынша барлығы 1624 га жерге күріш, 436 га жаңа жоңышқа, 453 га ескі жоңышқа егілді.
Округ бойынша 4 жолаушыларды тасымалдау қызметі халыққа қызмет көрсетеді.
«Бизнес кеңесші» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті жүргізуде 7 азамат қысқа мерзімді оқыту курсын оқып, сертификат алды. 
2017 жылы «Еңбек Жер» ЖШС-нің төрағасы жеке қаражаты есебінен май құю бекеті және сыйымдылығы 100 бас мал бордақылау алаңын ашып, жұмыс жасауда.
Ауданда өткізілген «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында ауыл азаматы, «Республикалық Радио» ЖШС-нің бас директоры М. Манатбек ауылдық округтегі ескі емхана ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, спорт секциясы ашылған жағдайда жаттықтырушының айлық жалақысын, жатын орынмен қамтамасыз етуге және ауыл имамының жалақысын төлеуге ықпал жасайтындығы келісілді. Ескі емхана ғимараты спорт бөлімінің теңгеріміне берілді.
Округтегі М.Байділдаев атындағы №232 орта мектепте 305 оқушы білім алады. 
Аққошқар ауылдық мәдениет үйінде «Батыр аналар» ансамблі, сонымен бірге балаларға 5 үйірме жұмыс жасауда.
17 қаңтар 2018 ж. 1 104 0