МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК Президент Жарлығына сәйкес тұрғындар алдында есеп беру Аққыр ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев және ауылдық округ әкімі Ж.Матаев, учаскелік полиция инспекторы Ғ.Шөмекеев халық алдында есеп беріп, атқарылған және алдағы уақытта атқарылмақ жұмыстарға тоқталып өтті. Ауыл экономикасының негізгі саласы мал шаруашылығы болғандықтан төрт - түлік малдың басын көбейту және асылдан¬дыру жұмыстарына аса көңіл бөлініп келеді. Осы бағытта «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде «Сайлау» ШҚ 4 асыл тұқымды бұқа және «ЕрСулБиБек» ШҚ 2 бұқа сатып алып жұмыс жасауда. «Құлан» бағдарламасымен «Айтөре» ШҚ 8 бас асыл тұқымды айғыр сатып алған. Қазіргі уақытта ауылдық округ бойынша асыл тұқымды қой шаруашылығымен «Туған жер» ШҚ айналысады меншігінде – 2436 бас асыл тұқымды қой тіркелген. 2017 жылы «Нұрбек» ШҚ өз қаржысына 100 басқа арналған жылқы және МІҚ малдарын бордақылау алаңын салып, жұмысын бастады. Жоба құны 50,0 млн теңгені құрайды.Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушылар «Ақтерек» тынығу лагеріне, «Талдысу», «Машат» лагерлеріне ауыл әкімінің қолдауымен және демеушілердің есебінен тынығып қайтқан. Ауылдық клубта ән, қолөнер, қуыршақ үйірмелері, сонымен бірге елді мекенде 1 спорт алаңы және 1 спорт залы жұмыс жасайды. 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 6 жоба ұсынылып, 3 жоба қаржыландырылды. Қазіргі уақытта 3 ауыл тұрғыны 13,0 млн теңге көлемінде қаржы алып өз кәсіптерін жасауда. Аталған бағдарлама аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға ауылдық округ бойынша 7 адам тартылып, техникалық және кәсіптік оқу бойынша 3 адам білім алуда.2017 жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу барысында «Пітеген» каналының көпіріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба – сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге ұсынылды.Елді мекеннің аяқ су мәселесін және жайылымдықтар мен шабындықтарды суландыру мәселесін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «ҚАЗСУШАР» РМК Қызылорда филиалы арқылы «Майлыөзек» арнасындағы №210 су реттегіш жүйесіне 4,7 млн теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.Есепті кездесуге облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Сатлабаев, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасының Жалағаш аудандық филиалы директоры, ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жаңалықтар 17 қаңтар 2018 ж. 1 200 0