» » ит жылында ИГІ БАСТАМАЛАР жүзеге асады

ит жылында ИГІ БАСТАМАЛАР жүзеге асады

Өткен жыл тек Сыр өңіріне ғана емес, мемлекетіміз үшін мерейлі болды. Елімізді Әлемге танытқан тарихи шараның Елордада ұйымдастырылуы – Қазақстан үшін үлкен жетістік. Сыр елінде де жақсы жаңалықтар аз болған жоқ. Құрылыс, медицина ауыл шаруашылығы, білім сияқты бірқатар салаларда толайым табысқа кенелдік. Ауыл шаруашылығы саласында өңір еңбеккерлері жаңаша серпінмен жұмыс жасап, облыс қамбасына 500 мың тонна Сыр маржаны құйылды. Жылдық есебінде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев аудандық қоғамдық кеңес мүшелеріне осылай деді. Есепті кездесуде тауық жылындағы толайым табыстар сөз болып, алдағы мақсат-міндеттер тыңдалды. Елбасы Жолдауының мемлекетіміздің дамуы жолында маңызды рөл атқаратынын тілге тиек еткен Қайратбек Әубәкірұлы саяси құжатта жүктелген міндеттер Жалағашта да кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын жеткізді.
Рас, өткен жыл біздің өңір үшін жақсы жаңалықтармен есте қалды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласы аясында да біршама жұмыстар жүзеге асты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп, елді мекенге тарихи тұлғаның аты берілді. Өңір қазынасын еселеуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар өз жемісін беріп, экономикада тұрақты өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 11,3 пайызға артты. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 4 млрд 345 млн теңгені құрады. Аудан бюджетінің нақтыланған жалпы түсімдері 7 млрд 35 млн теңгеге жетті. Оның ішінде жергілікті кірістер – 1 млрд 146 млн теңге.
Ауыл шаруашылығы саласына келсек, аудан төңірегінде 13 516,1 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,9 пайызға артты. Былтыр барлығы 35458 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Осылайша облыстың басты дақылына айналған күріштен 129 398 тонна Сыр маржаны жиналды.


Жоғарыда атап өткен өңір тайқазанына құйылған 500 мың тонна Сыр салысының үштен бірі Жалағаш ауданына тиесілі. Сонымен қатар, егілген 604 гектар жаздық бидай, 663,4 гектар картоп, 1034 гектар бақша дақылдары мен 811 гектар мақсары толық жиналды.
Мал басын асылдандыру мақсатында шаруа қожалықтары мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдалана отырып, өз ісін өрістетуде. Нәтижесінде, төрт түлік мал басы тиісті кезеңмен салыстырғанда МІҚ – 6,6, жылқы – 11,7 және түйе – 12,6 пайызға артты. Ал, уақ мал 99,1 пайызды, үй құстары – 99,8 пайызды құрады. Жалағашта 77 шаруашылық тікелей мал шаруашылығымен айналысады. Олардың бірқатары мемлекет ұсынған бағдарламалармен кәсібінің көкжиегін кеңейтсе, қалғаны өз қаражатымен қолда бар төрт түлікті асылдандыру мақсатында тиімді жұмыстарды қолға алған.
Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасымен аудан бойынша 6 шаруашылық «Ауыл КТ серіктестігі» ЖШС-нан 29,5 млн теңге несие алып 8 бас асыл тұқымды бұқа мен 219 бас сиыр сатып алды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруашылық қаржы институттары арқылы 27,5 млн теңге несие алып, 8 бас асыл тұқымды айғыр мен 92 бас биеге қол жеткізді. «Алтын асық» бағдарламасымен Таң ауылдық округінен «Доспанов КС» ЖК өз қаражатымен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы «Әбіл» ШҚ-нан 7 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, 190 бас жергілікті аналықты ИСЖ, ИАС жүйесіне енгізіп жұмыс жасауда. Мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап жатқан басқа да кәсіпкерлер ауылдық елді мекендерде де жетерлік.
Ауыл шаруашылығы саласындағы осындай жетістіктерді тілге тиек еткен аудан басшысы жергілікті шаруашылықтармен құрылған кооператив жұмыстарына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, ол медицина, жұмыспен қамту, білім сияқты бірқатар салаларда да ілгерілеушіліік бар екенін жеткізіп, ауданның дамуы жолындағы алдағы мақсат міндеттерге тоқталды.
Тауық жылын толайым табыспен аяқтаған Жалағашта биыл да ауқымды жобалар қолға алынады. Аудан орталығынан аурухана құрылысын бастау жұмыстары осы жылы жүзеге асады деп күтілуде. Сондай-ақ, М.Шәменов ауылындағы апатты жағдайдағы білім ошағының орнына жаңа мектептің құрылысы басталады. Мұнан бөлек ауданды абаттандыру мақсатында да біршама жұмыстар жүзеге асады. Есепті кездесудің соңында қоғамдық кеңес мүшелері өңірдегі жұмысы тоқтап тұрған бірқатар жобалардың аудан экономикасын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтып, олардың қайта жұмыс бастауына қолдау көрсету қажеттігін жеткізді. Басқа да бірнеше сауалға жауап берген өңір басшысының жылдық есебі аудандық қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан жоғары бағаланды.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.

13 қаңтар 2018 ж. 1 127 1

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 08:28
Tadalis Sx Generique France cialis 5mg best price Lotrisone Buy Amitriptyline 50mg

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930