» » АГРАРЛЫҚ САЯСАТ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ

АГРАРЛЫҚ САЯСАТ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ



Саяси құжаттағы 10 басымдықтың үшінші бағытында Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталу керектігі айтылған. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуды тапсырған Елбасы бұл ретте елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды екенін айрықша атап өтті. Жүктелген міндеттер жүзеге асуы үшін отандық аграрлық ғылымды жандандыру мәселесі басты назарда болуы тиіс. Бұл шешім республикамыздың агроөнеркәсіптік кешеніндегі өңделген өнім өндірісін өркендетуге жаңаша серпін береді. Біздің аудан да аграрлық аймақтар қатарында болғандықтан ауыл шаруашылығы өндірісіне басымдық берілуде.

Елбасы айтқандай, біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Бірақ, жиналған өнімді өңдеп экспорттау дамып жатқан кезеңде ол жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеп, әлемдік нарықтарға шығарған жоғары сапалы дайын өніммен мақтануымыз керек. Бұл мәселе өз шешімін табу үшін барлық аграрлық кешен осыған жауапкершілікпен жұмыс жасау керек. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі де назардан тыс қалмауы шарт. Себебі, ол жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы керек. Осы орайда Президент аграрлық университеттердің рөлін қайта қарауды тапсырды. Шынында, аталған бағыттағы білім ошақтары диплом табыстаумен шектелмей, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс жасайтын әрі ғылыммен айналысатын мамандарды дайындау керек.
Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперацияға біріктіру қажеттігін күшейтеді. Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. Жалағаш ауданында да аграрлық саланы әртараптандыру, жаңа технологияларды қолданысқа енгізу, сондай-ақ, өңдеуші кәсіпорындарды іске қосу жөнінде бірқатар маңызды шара жүзеге асуда. Өңірде ұсақ тауарлы өндірісті біріктіру арқылы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндірістік кооперативтер құрылды. Өткен жылы 146 жергілікті шаруашылықтың бірігуімен Жалағашта 40 кооператив құрылып, 1342 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 21 кооператив тікелей егін шаруашылығымен айналысса, 4 кооператив егін және мал шаруашылығы бағытында жұмыс жасайды. Сонымен бірге 11-і аралас ауыл шаруашылығы бағытында өз ісін өрістетсе, қалғаны тек мал шаруашылығы бойынша тұтынушыларға сапалы өнімін ұсынуда.
Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілу керектігі саяси құжатта айқын көрсетілген. Бұл әлемге танылған «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді. Мұнан бөлек Жолдауда жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал керісінше дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керектігі де айтылды. Осындай оң шешімдер ауыл шаруашылығының дамуына даңғыл жол ашады. Басқа да ауқымды жобалардың жүзеге асуы үшін маңызды міндеттер жүктеген Елбасы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Ендігі міндет тиісті тапсырмалардың жүйелі түрде жүзеге асуына жұмыс жасау. Барлық сала бойынша қаралған мәселелер өз шешімін табуы үшін жауапкершілікпен жұмыла жұмыс жасау керек.


Оразбек АХМЕТОВ,
«Жер-Ана» кооперативінің төрағасы.


13 қаңтар 2018 ж. 2 342 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 06:36
Cialis Prix Levitra Comparaison Viagra.Ch Viagra 25mg Cost levitra 40 mga for sale mexico beach Amoxicillin Trying To Conceive Buy Viagra Sydney Cephalexin And Psoriasis

Гость Jeaplause от 6 наурыз 2019 07:20
Generic Levitra Professional generic cialis canada Levitra 20mg Prices Propecia Descanso Cialis E 20

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031